12 Ақпан, 2015

Маңызы жоғары инфрақұрылым

1840 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

11«Нұрлы жол» – басты бағдарымыз

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Жолдауында: «Тарихи тұрғыдан алғанда, еліміздің аумағы арқылы Шығыстан Батысқа және кері қарай көлік легі тоқтаусыз өтіп жатты, ал олардың жылжу жиілігі бүгінгі күні де саябырситын емес. Қазақстанның міндеті отандық көлік және коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз етуде жатыр. Белгілі бір дәрежеде бұл сала біршама дамыған, ал ұзақ мерзімді келешекте жан-жақты өсу стратегиясына ілесуге тиіс, мұның өзі ұлттық рынокты жан-жақты жетілдіруге және біздің көлік және коммуникациялық қызметімізге ден қоятын жаңа рыноктар іздеуге саяды. Бұл стратегия автомобиль жасау, туризм, қызмет жүйесі, жол және күрделі құрылыс салаларын барған сайын дамыта беруге және отандық өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығынын кемітуге жәрдемдесетін болады», деп көрсетілген. large clean-white truck speeding on highway with countryside panorama in background Ежелден бастап Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азияны керуен жолымен байланыстырып, Батыс пен Шығыс өркениетінің өзара ықпалдасып дамуына мүмкіндік берді. Барлық дәуірлерде бұл бағыт ерікті қайырымдылық жолы болды. Егер қазіргі кезде теміржол магис­тральдары анық белгіленген болса, авиациялық жүйе мен автокөлік инфрақұрылымы үнемі өзгерістерге ұшырап отыр, осылайша, Ұлы Жібек жолындағы автокөліктер керуендері мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы­ның жоғары деңгейін үнемі қана­ғаттандырып отыруға әзірге жарамсыз деп қарастырылуда. Жолдар – мемлекет инфра­құ­ры­лымының ең маңызды эле­­менттерінің бірі. Еліміздің эко­номикалық өркендеуі мен қор­ғануға қабілеті жол желілері да­муының деңгейіне тікелей тәуелді. Осыған байланысты, Қа­зақстан Президенті жолдарды салу мен жөндеуді мемлекеттің басым тапсырмаларының бірі ретін­де алға қойды. Сонымен бірге, Қа­зақстан автокөлік саласының негізгі мәселелерінің бірі – жол төсемдерінің жүріп өту қабілетінің тез тозуы. Автокөлік жолдарының техникалық жағдайының төмендеуі жол құрылысын жеткіліксіз деңгейде қаржыландырумен тығыз байланысты. Қазақстанның тарихи жаңа­руындағы түбегейлі өзгерістер ұлттық қайта даму, ғылыми таным, қазіргі заманға сай ұлттық-мемлекеттік құрылыс тәжірибесі процестерін табандылықпен ұғынуды қажет етеді. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық да­муы­на айрықша әсер ететін мемлекеттің саяси және экономи­калық қызметі. Нақты дәлелден­ген, дұрыс бағдарланған сая­сат қоғамның экономикалық, ғы­лыми-техникалық және мәде­ни күш-қуатының өсуіне ық­пал жасайды, сонымен бірге, тәуел­сіздікті нығайту, жетілдіру мен қоғамды түбегейлі өзгертудің алғышарттарының бірі. Көлік және коммуникациялық кешенді дамыту елдің геостра­те­гиялық, Еуропа мен Азия ара­с­ын­­дағы транзиттік көпір болып саналатын орналасу басым­дығын толығымен пайдала­нуын қамтамасыз етуі тиіс. Жүк легі­нің жылдам өтімді­лі­гін ұйым­дастырудың тиімді жағ­дайларын енгізу үшін көршілермен нақты келісімді дамыту қажет. Әлемдік және аймақтық ел­дердің саяси және экономикалық құрылымдарымен кең көлемде өзара байланыс жасай отырып, ішкі үдерістерді дамыту Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси қызметінің ұлттық көлік саясатының объективті құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан теңізге тікелей шыға алмайды, өзге елдердің теңіз жолдарын пайдалану үшін көршілес елдердің террито­риясын кесіп өтеді. Мемлекеттік-территориялық құ­­рылымды, ішкі және сыртқы на­рықты қалыптастырудың қуат­ты факторы ретінде кез келген қоғамда маңызды болып саналатын, бұл жерде Орталық Азия мемлекеттерінің көлік саласындағы өзара ықпалдасу проблемасының ерекше өзектілігін айту керек. Көлік еліміздің барлық шаруашылық салаларын біріктіреді, аймақтардың қажетті байланысын қамтамасыз етеді. Көлік факторы тек халық­аралық деңгейде ғана емес, сон­дай-ақ, мемлекетішілік еңбек бөлінісінде де үлкен маңызға ие. Қазақстан территория­сы кең аумақты алып жатыр. Әр­бір ай­мақтың табиғи өзге­шелігі, қа­лыптасқан құрылымдық ерекшелігі бар. Олардың әрқайсысының өзіне тән экономикалық және әлеуметтік жағдайлары қалыптасқан. Соңғы жылдардағы Қазақстанның эко­номикалық дамуының нәтижесін талдау кезінде, аймақтардың экономикалық трансформациялануы үдерісінде, олардың жалпы мемлекеттік, құрылымдық, бюд­жеттік-салықтық және ақша-несиелік саясатқа әртүр­лі қаты­насында өзіне тән ерекшеліктері орын алғандығы анықталған. Қазақстанның болашаққа қадам басуын, нақты, көлік коммуника­циясы қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде тасымалдау бағыттарының кең таңдауын, сонымен бірге, жаңадан ашылған немесе жақын арада ашылатын бағыттарды, басқа да мүмкін болатын бағыттарды дайындауға қатысты ұсыныстарды ескере отырып, аймақта облыстың көлік тасымалының қазіргі жағдайын бағалаудың, қолданыстағы мар­шруттардың жұмысын тиімді қамтамасыз етудің, болашақта қандай дұрыс және басым баламалы нұсқаны пайдаланудың, кідіріссіз қандай шараларды қолға алу керектігін айқындаудың қажеттілігінің уақыты жетті. Қазіргі кезде жүк легі үш жолмен Ресей арқылы өтеді, онда келешегі бар, Үнді және Тынық мұхиттарының теңіз порттарына шығудың балама жолдарын қарастыру керек. Қазақстан мен Орталық Азияның көлік коммуникациясын дамыту тек қана экономикалық емес, саяси проблемалардың бірі. Оның дұрыс шешілуіне Қазақстан, сондай-ақ, аймақтық және әлемнің алдыңғы қатарлы елдері де мүдделі. Көлік коммуникациясын дамыту ХХІ ғасырдағы өндірістің территориялық орналасу жүйе­сін­дегі өзгерістерге байланысты орын алған проблемалардың өз шешімін табуына септігін тигізеді. Бүгінде көлік тасымалының жеткілікті дамымауының салдарынан, тұрғындарды ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерімен толық жабдықтау мүмкін болмай отыр. Экспорттық-импорттық операцияларды жүргізу көлеміне кері әсерін тигізуде. Көлік және көлік коммуникациясын дамыту – Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа тарту­дың, республикаға шетелдік ин­вес­торлардың назарын аударудың кепілі. Көлік коммуникациясын дамыту тікелей шаруашылық қажеттілік, сонымен бірге, экономика мен мәдениеттің басқа да салаларын, жетілдірілген көлік коммуникациясына тәуелді, әсіресе, туризмді дамыту үшін қажет. Белсенді көлік саясатын жүргізгеннен кейін, Қазақстан үшін көлік саласы өз заңдылықтары мен ерекшеліктері бар мемлекеттік және қоғамдық қызметтің дербес саласы болып қалыптасты. Еліміз бар болғаны оншақты жыл ішінде мақсатты және жүйелі түрде ұлттық мүддеге сай келетін, әлемдік қауымдастықта еліміздің жағдайы мен беделін арттыратын, дербес әрекет етуді ұйымдастыру мен қолдану жүйесін жасады. Қазақстанның көлік сала­сын­дағы саяси бағдары ең алдымен, мемлекет пен қоғамның алдында тұрған маңызды, өмірлік мәні бар тапсырмалардың оң шешім табуына бағытталған: сенімді қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты түсім беретін экономиканы дамытуға ең жоғары деңгейде қолайлы жағдай жасау, тұрғындардың тұрмыстық деңгейін көтеру. Қазақстан әлемге айқара ашық, өзінің барлық саладағы сыртқы байланыстарын белсенді және дәйекті дамытуға, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі байланыстарын күшейтуге ұмтылуда. Еліміздің осылайша сыртқы саясатты нығайтуға ұмтылысы, ұлттық мүддені қорғау мен жүзеге асыруды қамтамасыз етуге, респуб­лика айналасында қауіпсіздік аймағын құруға, жақсы көршілес және ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға қабілетті, өзара тиімді мемлекетаралық қа­тынастарды орнатуға бағыт­тал­ғандығымен түсіндіріледі. Біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатындағы ең басты артық­шылық – ұтымдылық, еліміздің ішкі дамуына қажетті мәселелер мен қажеттіліктерге дер кезінде көңіл бөлу. Сыртқы саясат мәтінінде көлік коммуникациясын таңдау мәселесі, көлік стратегиясының мазмұны мен мәнін зерттеу көрсеткендей, аймақтық мем­ле­кеттердің мүдделеріне нұқсан келтір­местен, табиғи және эконо­ми­калық күшпен, ресурстармен халықты толық қамтамасыз ету айналымын жүзеге асырудың, өзекті мәселелерін шешудің бірден-бір құрамдас бөлігі болып табылады. Әлемнің дамыған елдері мен аймақтық мемлекеттер үшін көлік күрежолы үздіксіз ағыммен энергетикалық шикізат пен басқа да жүктердің көп бөлігін тасымалдаушы, олардың өндірістік күш-қуаты қызметін қамтамасыз етуші ретінде үлкен мәнге ие. Еліміз үшін басым мәнге ие мәселелердің бірі – көлік жүйесін ішкі және әлемдік нарыққа еркін кірігуін қамтамасыз ететін бағытта дамыту. Қазақстанның аймақтағы көлік саясатын жүзеге асыруда ат­қарған қызметі аз емес: салыс­­тырмалы қысқа уақыттың ішін­де көлік саласындағы жаһан­дық проб­лемаларға әлемдік жұрт­шылықтың назарын аударуға септігін тигізді. Респуб­лика­мыз­дың саясаттағы осы жетіс­тік­тері қазіргі таңдағы орын алған ауырт­палықтарды жеңумен толықтырылуы қажет, нәтижесінде ұтымды көлік саясатын пайдалану мен қалыптастыруға, бүкіл әлем мен аймақтар мүддесіне сай келетін көлік коммуникациясын дамытуды жоспарлауға қол жеткізуге мүмкіндік туындайды. Көлік саясатының интегралдық жүйесі – Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің стратегиялық ресурсы. Сондықтан, халықаралық көлік коммуникациясы желілерін кеңейту Қазақстанның экономикалық және саяси басымдылығын арттыруы тиіс, ол үшін сыртқы сау­да-саттықта тауар айналымы үрді­сін айтарлықтай жеделдету және осыған кететін тікелей және жа­нама шығындарды азайту, респуб­ликалық бюджетке түсетін валю­та­лық түсімнің үлесін ұлғайту секілді мәселелер назарда тұруы тиіс. Нұрлан КӘРІБАЕВ, техника ғылымдарының кандидаты. АСТАНА.