12 Ақпан, 2015

Нақты тапсырмалар берді

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-02-04 Мемлекеттік хатшы Г.Әб­діқа­лықованың, Пре­зидент Әкімшілігінің Бас­шысы Н.Нығматулиннің, «Нұр Отан» партиясы Төраға­сының бірін­ші орынбасары Б.Бай­бектің және Пре­зидент Әкім­шілігінің басшылық құра­­мының қаты­суымен кеңес өтті, деп ха­бар­лады Пре­зи­дент­тің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы өткізген кеңес барысында Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды орындау барысын бақылау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, дағдарысқа қарсы қабылданып жатқан шараларды жан-жақты жариялап көрсетудің және халықты өзекті мәселелер жөнінде кеңінен ақпараттандырудың негізгі бағыттары қарастырылды. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.