12 Ақпан, 2015

Аналар кеңесінің алға қойған мақсаты көп

671 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазіргі уақытта әрбір үйге, әрбір отбасына қазақстандық келісім мәдениеті мен бейбітшіліктің негізгі қағидаттарын жеткізу өте маңызды. Бұл шара белсенді әрекетті қажет етеді. Осы орайда М.Х.Ду­лати атындағы Тараз мемлекеттік универ­сите­тінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Жамбыл облысын­дағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблея­сының Төрағасы Н.Назарбаев: «Бір халық – бұл барлы­ғымыз үшін ортақ отан. Бір тағдыр – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!», деп қоғамға терең ой салғаны белгілі. Аналар кеңесінің құрылғанына көп уақыт болмаса да қарқынды жұмыс істеуде. Жуырда оның белсенді мүшелері, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері республикалық Аналар кеңесінің бірінші форумына қатысып, татулық пен ынтымақ, бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті барлық халықты ізгі жолдарға біріктіретініне көз жеткізіп қайтыпты. Форумнан алған әсерлері де ерекше. Аналар кеңесі қайырымдылық мақса­тымен көп балалы, жалғызілікті аналарға, жетім балаларға, мүгедек­терге, басқа да панасыз адамдарға моральдық және материал­дық көмек көрсетеді. Тұрақтылықты нығайтып, отба­сы құндылықтарын сақтауға бағытталған осындай іс-шара­лар­ды алдағы уақытта да өткізу жоспарланып отыр. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы.