12 Ақпан, 2015

Қазақстанда туып-өскеніме қуанамын

380 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
фотосесия 022Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баев­тың халыққа арнаған Жолдауында айтқан мына сөздері мені ерекше баурап алды, әрі сол жолдар өзімді алға жетелеуге септігін тигізді десем артық айтқандық емес: «Біз ең лайықты деген жастардың шетелдерде білім алуларына жәрдем жасаймыз. Жыл сайын үш мың үздік студентке «Болашақ» бағдарламасының шеңберінде әлемнің ілгері жоғары оқу орындарында білім алулары үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінетін болады». Осы сөздерді естігенде мен қатты қуандым және осы бағдарлама аясында шет елде білім алғым келіп, талаптана бастадым. Көпшілік ойлап жүргендей бұл Президенттік жобаға тек жағда­йы­ жақсы отбасылардың балала­ры ғана барады деген сөз асыра­ айтылған сияқты. Мен Меркі ауда­­нындағы қарапайым ғана отбасынан шық­қан­мын. 2001 жылы М.Х.Дулати атын­дағы ТарМУ-ді бітірдім, 2004 жылы «Болашақ» стипендиясына үміткер ретінде тіркеліп, бұл арманға  2005 жылы қол жеткіздім. Сөйтіп, елден алған білімімді шетелдегі іргелі оқу орнында жалғастырдым. Мен білім алған Ұлыбританиядағы Лидс университеті – тарихы сонау терең­де жатқан және әлемдегі рейтингі­сі жоғары алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Әрине, сырт елдегі танымал оқу орнында оқуға мүмкіндік алғанымды менің бағымның жанғаны деп айтсам да болар. Менімен бірге оқыған курстастарымның арасында Пәкістан, Үндістан, АҚШ, Мексика, Қытай және Тәжікстан, Молдова секілді елдердің өкілдері де болды. Шыны керек, олар мені еліміз арнайы грант бөліп жіберіп отырғандығын айтқанымда ерекше таңданыс білдіріп, қызығып та, қызғанып та қарағандай болды. Себебі, олар өз қаражаттарымен, кейбірі ха­лық­аралық қорлардың қаржылай қол­да­уымен білім алып жатқандар еді. Шет­ел­діктерге біздің елдегі «Болашақ» халықаралық бағдарламасы жайлы айтып бергенімде, олар біздің елге сүйсіне қарады. Мемлекетіміздің жылына 3000 жасқа білім алуға мүмкіндік беріп отырғаны қасымдағы курстастарымды ерекше қызықтырды. Осылайша мен өзімнің болашақ ұрпағына бейжай қарай алмайтын, келешекке сеніммен көз тастайтын елдің ұрпағы екеніме, Қазақстанда туып-өскеніме қуандым. Ольга ЧЕРКАСОВА, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы. Жамбыл облысы.
Соңғы жаңалықтар