12 Ақпан, 2015

Астанада қызылшаға қарсы екпе жасау науқаны өтеді

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
daacbd9f9612c1caf61f2bd1230АСТАНА. 12 ақпан. Астанада 16 - 28 ақпан аралығында елордада 15-19 жастағы тұрғындар үшін қызылшаға қарсы қосымша иммунизациялау жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы astana.kz хабарлады. Қосымша иммунизациялау кезінде 28 ақпанға дейін 31 500 адамға екпе жасау көзделіп отыр. Денсаулық сақтау қызметкерлері қалалық емханалар, мектептер, жоғары және орта білім мекемелері секілді 142 орталықта екпе жасайды. Елімізде 2012 жылдан бері қызылшамен ауру деңгейі артып келеді, ал ауруға шалдығудың 400 астам жағдайы тіркелді. 2014 жылы Астана қаласында 30 науқаста аталған диагноз расталды. Негізінен қызылшамен 15-29 жастағы адаммдар ауырады, бұл көрсеткіш 46 пайызды құраса, 1 жасқа дейінгі балалардың ауру деңгейі – 18 пайыз. Аталмыш аурудан қорғанудың жалғыз жолы – екпе жасау. Қызылша – өткір жұқпалы вирустық ауру, дене қызуының көтерілуі, бөртпелердің шығуы, жөтелу, бас ауруы секілді белгілері бар. Ауру қарым-қатынас жасаған кез-келген адамға жұғады. Қызылшамен ауырған адам айналадағыларға бөртпелер шыққанға дейін 4 күн бұрын, бөртпе шыққаннан кейін 4 күн бойы қауіпті болады. Ауру 7-18 күннің ішінде белең алады. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: astana.kz.