АСТАНА. 12 ақпан. Астанада өзін жарып жіберген подполковниктің өліміне қатысты алғашқы айғақтар анықталды. Бұл туралы gazeta.kz хабарлады.
Арман Сыздықов басшыларының қысымына шыдай алмай өзіне қол жұмсаған. Марқұмның ақырғы хатында аты аталған екі әскеридің қызметтегі адамдар екенін Қорғаныс министрінің өзі растады.
Қазір оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда. Полицейлер марқұммен бірге жұмыс істеген әріптестерінен түгел жауап алып жатыр. Астанада Қорғаныс министрлігінің лауазымды қызметкері тура жұмыс орнының алдында өзін жарып жіберген болатын. Арман Сыздықов сол жерде жан тәсілім етті. Офицер ақырғы хатында екі басшысынан қатты қысым көргенін, әбден намысына тигенін жазған. Өзін-өзі жарып жіберген 40 жастағы подполковник Қорғаныс министрлігінің Ақпараттандыру және телекоммуникация басқармасында істеген екен. Марқұмның артында әйелі жалғыз ұлы қалды.
Жолдыбай Базар.
Дерек: gazeta.kz.
Сурет: news.nur.kz.
• 12 Ақпан, 2015
Астанада өзін жарып жіберген әскериге қатысты тың дерек шықты

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше