АСТАНА. 12 ақпан. Алматы қаласында осыдан 10 тәулік бұрын жоғалған 16 жастағы Айтолқын Ержан іздестіріліп жатыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
«Достар, 12.05.1998 жылы туған Айтолқын Ержан 2 ақпанда Алматы қаласындағы үйінен шығып, қайта оралмады. Ол «Сымбат» колледжіне кеткен, оқудан кейін оны сағат 15.30-да Қонаев және Жібек жолы көшелері қиылысындағы аялдамада құрбылары көрген. Құрбыларының сөзіне қарағанда, Айтолқын «Саяхатқа» қарай бет алған», – делінген хабарламада.
Іздестіріліп жатқан қыздың бойы 165-168 см., сымбатты, көзі қоңыр, шашы иыққа дейін, қоңырлау. Күлгін куртка мен қызыл жолағы бар жасыл шапка (киімі фотодағыдай), қара «рюкзак», көк «джинсы» және қара «угги» киген.
Алдын ала болжам бойынша, қыз базар ауданында жұмыс істейтін 1996 жылы туған Мұрат Наурызбековпен кездесуге кеткен. Онымен «Другвокруг» әлеуметтік желісі арқылы танысқан көрінеді.
Бұл оқиғаға қатысты ақпараты бар азаматтарды пайдаланушылар 8 702 233 86 45 - Рита (анасы), 8 705 718 01 87, 8 777 355 89 70 - Азамат (ағасы) номерлері бойынша Айтолқынның туыстарымен хабарласуын сұрайды. Сондай-ақ, 102 - Медеу аудандық полиция бөлімі мен Медеу аудандық прокуратурасына (273-41-22 ) хабарласуғы болады.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».