АСТАНА. 12 ақпан. Шығыс Қазақстан облысында 10 мың теңге көлемінде пара алған бұрынғы жол полицейіне қатысты сот аяқталып, үкім шықты. Бұл туралы Yk-avto.kz хабарлады.
Өткен жылдың шілде айында жол сақшысы ВАЗ-2127 көлігін тоқтатып, оған рұқсат етілмеген жерде көлік жүргізгені үшін айыппұл салады. Алайда, айыппұлдың 27 мың теңге екенін ескерткен ол өзіне 10 мың теңге ұсынса, бұл істі жылы жауып қоятынын айтқан.
Жүргізуші жеке куәлігін жол полицейіне қалдырып, уәде еткен 10 мың теңгені алып келуге кетеді. Осылайша, ол бірден ШҚО ішкі істер департаментіне барып, болған оқиғаны баяндайды.
Ал ІІД қызметкерлері жүргізушіге жалған ақша мен диктофон ұстатып, жол полицейін қақпанға түсіруге көмектеседі. Жол сақшысы параны дәретхана ішіне тастап кетуді бұйырған соң, жүргізуші жалған ақшаны сол жерде қалдырған.
Нәтижесінде, өзінің оңай олжасын иеленбек болған жол полицейі дәретхана ішінде қолға түсті. Сот тәртіп сақшысын пара алғаны үшін айыпты деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды.
Енді сотталушы айыбын түзету колониясында өтейтін болады.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: Yk-avto.kz.

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше