12 Ақпан, 2015

Мұнай бағасы 50 доллардан түскенде теңге бағамы өзгеруі мүмкін

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-02-15-neft-1

АСТАНА. 12 ақпан. Мұнай бағасы осылайша төмендей беретін болса, теңге бағамында біртіндеп өзгерістер болады деген болжам бар. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің сөзіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі хабарлады. «Егер мұнай бағасы 50 доллардан төмен түссе, жағымсыздау сценарийлерді жүзеге асырамыз. Ондай жағдайда теңгені ауыстыру бағамында бірқалыпты өзгеріс болады деген болжам бар. Бұл жердегі әңгіме айырбас бағамы дәлізінің кеңеюі арқылы мұнай бағасының төмендеуі мен жылдық орташа баға туралы айтылып отыр», - деп түсіндірді Банк төрағасы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Алайда, дәл бүгін ондай алаңдаушылыққа негіз жоқ. «Қазіргі таңда мұның алғышарттары байқалмайды. Макроэкономикалық көрсеткіштер бұған негіз бермейді. Сонымен қатар, қазіргі дәліз біздің дәл сол жерде болуымызға мүмкіндік беріп отыр - доллар 185 теңге тұрады», - деді Келімбетов. Айта кетейік, 11 ақпан күні Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін Қайрат Келімбетов Қазақстанда бір сәттік девальвация болмайды деп мәлімдеген еді. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды теңге бағамының өзгерісі туралы қауесеттерге сенбеуге шақырды. «Бүгін Ұлттық банктің төрағасы бұл мәселелерді шешу үшін барлық шаралар жасалып жатқанын баяндады. Оған сенбеуге негіз жоқ», - деді Мемлекет басшысы. Сәкен Майлыбай. Дерек, фото: Tengrinews.kz.