12 Ақпан, 2015

Қостанайда терроризмге қарсы шаралар жөнінде сабақтар өтті

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20150130_122346ҚОСТАНАЙ. 12 ақпан. Қостанай қаласындағы мектептерде діни экстремизм мен терроризмге қарсы шаралар жөнінде сабақтар өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сабақтарды діни экстремизм мен терроризмге қарсы шаралар жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма және өрт бөлімшелері қызметкерлері ұйымдастырды. Олар оқушыларға «Оқу корпусында террорлық әрекет болу қаупі туған жағдайда оқушылар не істеу керектігі» туралы әңгімелеп берді. Сабақтың мақсаты – кепілдікке алған адамдар өзін қалай ұстауы тиіс, жарылғыш затқа ұқсайтын зат табылғанда оның айналаға залалы тимеу үшін не істеу керектігін үйрету. Мамандар күтпеген жағдайда оқушыларға психологиялық жағынан ұстамды болу, саспау керектігін түсіндірді. Халықаралық терроризм, террорлық әрекеттердің түрлері, жарылғыш заттар қойылғаны жөніндегі жалған ақпараттар таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік пен айыппұл туралы түсінік берді. Оқушылар террорлық әрекеттер мен оның бейбіт тұрғындарға келтірген зардаптары жөнінде видеоролик қарады. Сонымен қатар оқушылар мектепте және үйде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау жөнінде де дәріс тыңдады. Мұндай сабақтар облыс орталығындағы 25 мектепте өтті. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz. 20150130_122027 20150130_122405