АСТАНА. 12 ақпан. Еліміздің азаматтары пәтер мен автокөліктерді қолма-қол ақшамен емес, басқа жолдармен сатып алса, дұрыс. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов осылай деді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
«Біздің ойымызша, ірі саудалар, мәселен, пәтер немесе көлік құралын сатып алу қолма-қол ақшамен емес, басқа жолдармен жасалғаны дұрыс. Ең бастысы қаражат белгілі бір шоттар арқылы өтуі керек, осылайша біз салық органдарымен бірге барлық төлемдерді көріп отыра аламыз. Сондықтан, аз уақыттың ішінде осы салада біршама тиянақтылыққа қол жеткіземіз деп ойлаймыз», – деп түсіндірді ол.
Қ. Келімбетовтің айтуынша, бүгінде Қазақстандағы барлық транзациялардың 93 пайызы қолма-қол төленеді.
«Бұл қазіргі кезде кез келген экономикадағы сорақы жағдай, неге десеңіздер, барлық осы төлемдер салықтан тысқары, көлеңкеде қалады. Біз бұл саланы аздап тәртіпке келтіру керек деп ойлаймыз, сонымен қатар, доллармен есептелетін бағаларды да реттеу қажет. Біз еліміздегі бағаның қалыптасуы ұлттық валютаға негізделетінін санамызға әбден сіңіруіміз қажет», – деп түйді төраға.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».
• 12 Ақпан, 2015
Ұлттық банк басшысы есепшоттарды қолдануға шақырды

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше