12 Ақпан, 2015

Минскіде байланыс тобы қорытынды құжатқа қол қойды

299 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

12-02-15-chetverka-1

АСТАНА. 12 ақпан. Минскіде «норманд төрттігінің» Украина жөніндегі байланыс тобы қорытынды құжатқа қол қойды. Бұл туралы «Полит.Ру» хабарлады. «Нормандия төрттігі» елдерінің (Ресей, Украина, Фоанция және Германия) лидерлері бекіткеннен кейін Украина жөніндегі байланыс тобы келіссөздің қорытынды құжатына қол қойды», - делінген Ресей президенті Владимир Путиннің сөзіне сілтеме жасаған РИА «Новости» хабарламасында. «Бір құжатқа қазір ғана қол қойылды. Құжатқа байланыс тобы қол қойды. Ол «Минск келісімін имплементация жасауға бағытталған шаралар кешені туралы» деп аталады. Ал екінші құжатқа әлі қол қойылған жоқ. Ол - Франция, Украина президенттерінің, сіздерге бас июші қызметшілеріңіздің және Германия канцлерінің осы процесті қолдминск, лидерайтындығы туралы мәлімдемелері», - мәлім етті Ресей президенті. Құжатқа сондай-ақ өздерін өздері жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларының лидерлері Александр Зачарченко мен Игорь Плотницкий де қолдарын қалдырды. Бұдан бұрын кездесуге қатысушылар жексенбіде, ақпанның 14-нен 15-не қараған түні Украинаның оңтүстік-шығысындағы атысты тоқтатып, украин әскерилері мен сператистер жасақтарының түйіскен нүктелерінен ауыр қару-жарақтарды алып кету турасында келісімге келген еді. Қару-жарақты әкету сейсенбі, 17 ақпанға дейін жасалып бітуі керек. Бұдан басқа, Минскідегі келіссөзде бекітідген құжат Донбасс бөлігіне айрықша статус бермекші. Әңгіме Украинаның Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандары туралы болып отыр. Ал айрықша мәртебеде жасақ құрамында соғысқандарға амнистия беру, осы территориялардағы тіл қолданысын өздеріне анықтау құқығын беру, сондай-ақ Ресеймен шектесетін аймақтар аралас-құраластықтық ынтымақтастығын жалғастыру жайлары қарастырылған. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: Полит.Ру.