Қоғам • 06 Мамыр, 2025

Банктер алаяқтықты анықтайтын алгоритм әзірлейді

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді алаяқтарға аударым жасасаңыз, банктер бір тәулікке дейін шотыңызды бұғаттай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Банктер алаяқтықты анықтайтын алгоритм әзірлейді

Ұлттық банк алаяқтарды азаматтармен байланыс орнатқан сәтте-ақ анықтай алатын алгоритм әзірлеп жатыр. Соның арқасында клиентке бірден ескерту беріліп, қауіптің алдын алуға мүмкіндік туады. Соған қарамастан аударым жасалса, банк, шотыңызды 24 сағатқа бұғаттай алады. Әрі клиент бөлімшеге туысымен бірге шақырылып, сұралады. Банктерге осындай құқық беру арнайы заңмен бекітілмек. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шопанқұловтың сөзіне қарағанда, алгоритм жыл соңына дейін дайын болады.