13 Ақпан, 2015

Ақпараттар ағыны

231 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
*Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін инвес­ти­ция­лық субсидиялау қайта­дан қолға алынды. Бағ­дарлама бойынша еліміз­дің агроөнеркәсіптік кеше­нін­де жаңа өндірістік қуат­тар құруға және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағыт­талған шығындардың бір бө­лігі өтеледі. Жобаның операто­ры және инвесторлардан өті­нім­дер қабылдаушы «Қазагро­мар­кетинг» АҚ болып табылады. *Қазақстандықтардың атаулы ақшалай табыста­ры бір жылда 10,2 пайызға өс­ті. Ұлттық экономика ми­нис­трлігі статисти­ка ко­ми­тетінің мәліме­тінше, 2014 жылдың желтоқ­санын­дағы есеп бойынша, бір қыз­мет­кердің орташа айлық атау­лы жалақысы 154 577 теңге бол­ған. Бұл – 2013 жыл­дың есепті кезеңіндегі көрсет­кіш­пен са­лыс­тырғанда 12,8 пайызға артық. *Еліміздің жүк айналымы көлемі бір жылда 22 пайызға ұлғайды. Статистикалық деректерде көрсетілгендей, жүк тасымалының мөлшері 40,7 млрд. тонна-шақырымды құраған. *Астананың бас жос­парына түзету енгізілді. Қа­ланың бас сәулетшісі Ви­талий Силецкийдің айтуынша, елорданың бас жоспарын қайта түзету мәселесі көлік, инженерлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымды қайта қараудан және ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дандырылған көрмесі қар­саңында жаңа нысандарды салудан туындаған. *Шымкентте «Қаз­Транс­Газ» АҚ халыққа қызмет көрсету орталығын ашты. Компанияның баспасөз қыз­меті хабарлағандай, бұл ма­ман­дандырылған орталық заманауи технологиялармен жабдықталған. Бүгінде Оңтүстік Қазақстанда 270 мыңнан астам абонент, 660 өнеркәсіптік кәсіпорын және 6 мыңнан астам коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын бар. *Қызылорда облысында кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы пайдалануға берілді. Сырдария ауданында «бір терезе» қағидасы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көр­сететін бұл мекемедекә­сіпкерлер палатасының, «Қаз­агромаркетинг» АҚ-тың, «Кә­сіпкерлерді қаржылай қол­дау қоры» АҚ-тың, «Қазақ­станның Халық Банкі» АҚ-тың және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік меке­месінің мамандары мен консультанттары жұмыс істейді. *Таразда ірі көкөніс қой­масы пайда болды. «Тараз» ӘКК ҰК» АҚ-тың иелі­гіндегі аталмыш нысанның сыйым­дылығы  – 5,8 мың тон­на. Жаңа жобаны жүзеге асыруға шамамен 540 млн. теңге жұмсалған. *Солтүстік Қазақстан ин­вес­торлары 663 млн. теңге субсидия алған. «Қаз­агромаркетинг» АҚ облыстық филиалының директоры  Қанат Бейсенов көрсетілген қара­жаттың мал шаруашылығы мен астық қоймаларын құруға жұмсалғанын мәлімдеді. *Шығыс Қазақстанда ардагерлерге арналған сайт жасалып жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар атап көрсеткендей, онда ардагерлердің өмірбаяны, хаттары, деректі фильмдер мен бейнероликтер орналастырылмақ. Қазіргі таңда өңірде 614 ҰОС қатысушы мен мүгедегі және 27 918 тыл еңбеккері тұрады. Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.