АСТАНА. 13 қаңтар. «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы Бахыт Жахановтың жетекшілігімен партияның кезектен тыс XVII конференциясы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы 2014 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы баяндады. Кез келген қоғамның көшбасшысы жастар екендігі ақиқат. Бұл ретте жастар саясатына мемлекет тарапынан білдіретін қолдаулар да қомақты. Өткен жылы жастар саясатына 5 млн. теңге бөлінсе, биылғы жылы бұл қаржы 10 млн.-ға жетті. Сондай-ақ, «Жастар практикасы» «Жасыл ел» бағдарламалары да жастарды қолдауға септігін тигізуде. Өткен жылы жастардың творчестволық қабілетін дамыту, еңбекке тарту істеріне ерекше көңіл бөлген «Жас Отан» ЖҚ-ы биылғы жылы да жастарды қолдауды жалғастыра бермек.
Конференция барысында белсенді жастар сөз алып, өз пікірлерімен бөлісті.
Баянды бастамалар мен іргелі істердің ұйытқысы болып жүрген «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне 2014-2015 жылы қаңтар айларына 313 өтініш келіп түскен. Оң шешімін тапқан өтініштер саны – 158-ді құрап отыр. Есепті кезеңде барлығы 118 саяси-қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік акциялар, ішкіпартиялық жұмыстар, жастар акциясы, мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізді.
Конференция соңында «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XVII конференциясына делегаттар сайлау өткізілді.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: egemen.kz.