ТАРАЗ. 13 ақпан. Жамбыл облыстық мемлекеттік кіріс департаменті ұйымдастыру-қаржы басқармасы басшысының сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу және ысырап етуіне қатысты сотқа дейінгі тергеу қылмыстық ісі тіркелді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тергеу барысында 2014 жылдың мамыр мен тамыз айы аралығында, «Жамбыл облысы бойынша салық департаменті» ММ-нің қаржы – шаруашылық және бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы бола тұра Ж. деген азаматша өзінің қызмет бабын пайдаланып, аталған мекемеде қызмет атқармайтын өзінің туысы Ч-ның картшотына негізсіз іс-сапар шығысы ретінде қаражатты аудару арқылы, барлығы 3 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.
Азаматша Ж. сотқа дейінгі өндірістің қылмыстық ісі бойынша Қылмыстық кодекстің 176-бабының 3-бөлімінде қарастырылған қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды. Қазіргі таңда Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 612-бабына сәйкес келісілген процессуалдық келісім шеңберінде (кінәсін мойындау туралы келісім түрінде) сотқа дейінгі тергеу жүргізу қарастырылған. Аталған келісімнің мәні ол, қылмыстық құқықбұзушылыққа барған тұлға жасалған қылмыстың дәлелдері, оған келтірілген зиянының көлемі және мінездемесі бойынша дауласпайды, керісінше кінәсін толық мойындайды.
Күдікті Ж. Қылмыстық іс-жүргізу кодексінде көрсетілген нормаларды қолдана отырып, оған тағылған айыпты толық мойындап, Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне аталған келісімді жасау туралы өтінішпен қайырылды, егер аталған келісімге қол қойған жағдайда оған жоғары мерзімдік жазаның жартысынан кем емес немесе жоғары қатаң түріндегі жаза қолданады. Қазіргі таңда күдіктінің мемлекетке келтірген 3,5 млн. теңге материалдық зияны толығымен өндірілді.
Жамбыл облысының прокуратурасы Ж-ның кінәсін мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалды келісім жасау өтініші қолданып, сотқа жолданды.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 13 Ақпан, 2015
Жамбыл облысында басқарма басшысы қаржы жымқырған

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше