ҚОСТАНАЙ. 13 ақпан. Қостанайда кеше «Мелекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясындағы шет елдердің құқықтық механизмі» тақырыбында халықаралық конференция басталды. Ол екі күнге созылады. Жаңа агенттік құрылғалы бұл өтіп отырған алғашқы үлкен шара. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу, қызметтік жоғарылауда меритократия ұстанымын ұстану, сонымен бірге мемлекеттік қызмет сапасын арттыру агенттіктің негізгі басымдықтары болып табылады. Осының барлығын қамтамасыз ету үшін халықаралық тәжірибелерді талқылау, оның жақсысынан үйрену қажеттігі уақыт табалбы болып табылады. Халықаралық конференция аясында шетелдік тәжірибелі әріптестермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мен озық әдістемені зерделеу мақсатында көрсетілген аспектілер тақыланды.
Конференцияға АҚШ елшілігінің, Қазақстандағы Еуропалық одақ жобасының сарапшылары және Transparensy Kazakhstan сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық үкіметтік емес ұйымның өкілдері қатысты. Сонымен қатар агенттіктің, оның аумақтық департаменттерінің, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының және мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басшылық құрамының өкілдері қатысты.
Конференция модераторы, агенттік төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов кіріспе сөзінде конференцияға қатысып отырған және шақыртуды қабыл алған шетелдік қонақтарға рахметін айтты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 26 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданды. Халықаралық әріптестікті дамыту және шетелдік тәжірибені қолданысқа енгізу стратегияның негізгі бағыттары болып айқындалған.
Конференцияда Германиядан келген IRZ сарапшы Юрген Маурер «Коррупция. Германиядағы жағдай» атты 40 минуттық баяндама жасады. Онда ол Германиядағы сыбайлас жемқорлық туралы айта келіп, өз еліндегі көрсеткіштерін де тілге тиек етті. Юрген Маурер Германиядағы сыбайлас жемқорлық көрсеткіштерін құрылымына қарап саралап айтты. Оларда орын алған сыбайлас жемқорлық оқиғаларының 60 пайызы мемлекеттік басқармаларда, 30 пайызы экономикамен байланысты орын алады, 10 пайызын заңгерлер жасаса, 1 пайызы саясаткерлерге тиесілі болады екен. Сыбайлас жемқорлыққа баратындардың 80 пайызы жергілікті немістер, 14 пайызы шетелдіктер екен. 2013 жылы 12 депутат пен 2 сайлаушыны параға жығу оқиғасы орын алған. «Пара алып немесе лауазымын асыра пайдаланғандарға қандай жауапкершілікке тартылады?» деген сұрақа Юрген Маурер: «Ірі компаниялар репутациясын төмендетіп алуы қандай жазадан да күшті» деп жауап берді. Алайда, Маурердің пікірінше, бұл мәліметтер елдегі сыбайлас жемқорлық жайлады деген сөз емес, қандай статистика да елдегі сыбайлас жемқорлықтың тұтас көрінісін, тұтас ақпаратты бере алмайтынын айтты.
Президент жанындағы Астана мемлекеттік университетінің ректоры Болатбек Әбдірасылов: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру үшін осы қоғамдық кеселге шет елде қандай күрес жүргізетінін, қандай озық тәжірибелер жинақталғанын білуіміз қажет. Осы тұрғыдан алғанда өтіп отырған халықаралық конференцияның маңызы өте үлкен. Сыбайлас жемқорлық зардаптарымен күресумен қатар, ең алдымен осы қоғамдық кеселдің профилактикасына баса назар аударуымыз қажет», деді. Transparensy Kazakhstan қамқоршылар кеңесінінң төрайымы Наталья Малярчук Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне, оның себебіне терең талдау жасай келе, оған қарсы күресте қоғамдағы барлық күштерді жұмылдыру қажеттігін тілге тиек етті.
Халықаралық конференция өз жұмысын жалғастыруда. Онда негізінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі еуропалық тәжірибеге көбірек назар аударылады. Сонымен қатар республикалық, жергілікті мамандар да сөз алады.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz.