13 Ақпан, 2015

Елімізде жақын уақытта девальвация болмайды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
келАСТАНА. 13 ақпан. Ұлттық банкі мұнайдың орташа бағасы барреліне 50 доллардан төмендеген жағдайда ұлттық валютаны біртіндеп құнсыздандыруға баруы мүмкін. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов осылай деді Бұл туралы nur.kz хабарлады. Еске сала кетсек, 11 ақпан күні үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің алдына бірқатар міндеттер қойды. Дәлірегі, Мемлекет басшысы ұлттық валюта бағамының күрт ауытқуына жол бермеу қажеттігін айтты. «Егер мұнай бағасы 50 доллардан төмен болып, жағымсыз сценарий жүзеге асқын жағдайда, айырбастау бағамының біртіндеп өзгеру мүмкіндігін болжаймыз, бұл жерде айырбастау бағамы дәлізін кеңейту де бар», дейді Қ.Келімбетов. Оның айтуынша, долларға қатысты теңге бағамын төмендетуге макроэкономикалық жағдайлар жоқ. «Қазіргі уақытта біз валюталық дәліздің ағымдағы саясатын ұстанып отырмыз. Біздің есебімізше, қазіргі макроэкономикалық жағдайлар осы дәлізде болуымызға мүмкіндік береді. Алдағы үш-тоғыз ай аралығында біз ішкі және сыртқы валюта нарықтарындағы жағдай қалай өзгеретінін жіті бақылап отырамыз», деп түйді ол. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, келесі аптада Қазақстан экономикасын долларсыздандырудың бiрлескен жоспары бекітілдеді. «Мемлекет басшысы алдымызға қойып отырған мiндеттердiң бiрi – экономикамызды долларсыздандыру. Бiз бүгiнгi күнi бұған қатысты жұмысты аяқтап қалдық. Келесi аптаның басында Үкiметпен экономиканы долларсыздандырудың бiрлескен жоспарын бекiтудi көздеп отырмыз», дедi төраға. Ұлттық банк басшысының айтуынша, бұл орта мерзiмдi сипаттағы шаралар. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: nur.kz.