13 Ақпан, 2015

Вашингтон Минск келісіміне жоғары баға берді

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13-02-15-Vachington-1

АСТАНА. 13 ақпан. Кеше ресми Вашингтон Минскіде «нормандиялық төрттіктің «Украинаның шығысындағы шиеленісті реттеу жөніндегі шешіміне келісіміне жоғары баға берді. Бұл туралы Interfax хабарлады. «Бүгін Минскіде қол жеткізілген келісім – Украинаның шығысындағы шиеленісті ретке келтірудің ықтималды маңызды қадамы», - деп түйіндеді БҰҰ-ның жанындағы АҚШ өкілі Саманта Пауэр. «Бұл – ілгері қарай жасалған айтарлықтай шешуші шешім», - деді ол. Пауэр сонымен бірге, Минск келісімінің орындалатынына үміт білдірді. «Минскідегі келісім өткен жолғы келісім орындалмағасын қабылданып отыр. Сондықтан біз бұл жағдайдың тағы қайталанбасына сеніміз келетінін атап өткіміз келеді. Алдымен бейбіт келісімге келіп, соңынан ауыр артиллериядан атқылау орын алмасын», - деді ол бейсенбі күні MSNBC телеарнасында. Мұрат Айтқожа. Дерек, фото: Interfax.