06 Мамыр, 2015

Солтүстік Қазақстан ардагерлері шеруге аттанып кетті

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06.05.2015 SKO-3ПЕТРОПАВЛ. 6 мамыр. Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне  орай Астанадағы шеруге қатысатын 14 соғыс ардагерімен кездесіп, сәттілік тіледі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 06.05.2015 SKO-4«Елбасы кешегі майдангерлерге  зор қамқорлық көрсетіп келеді. Оларды қолдау шаралары өңірде де жан-жақты қарастырылған. Сіздердің жанқиярлық ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды, жас ұрпаққа әркез үлгі, өнеге», деді Ерік Хамзаұлы ардагерлерге жылы тілектермен қайрылып. Тайынша ауданынан келген соғыс ардагері Дмитрий Ларионовқа  құрмет  грамотасын табыс етті. Соғыс ардагерлерін әуежайда туған-туыстары, студент-жастар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері шығарып салды. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.