13 Ақпан, 2015

Шарапова Ресей құрамасы сапында ойнаудан бас тартты

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-01-15-marija-sharapova-2

АСТАНА. 13 ақпан. Теннисші Мария Шарапова Федерация Кубогы үшін болатын жартылай финалдық кездесуде Ресей құрамасы сапында ойнаудан бас тартты. Бұл туралы ТАСС хабарлады. Спортшы мұны өзінің Штутгартта өтетін әйелдер теннисі ассоциациясы (WTA) турниріне қатысатынымен байланыстырды. Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищев ТАСС тілшісіне осылай деді. «Ол өткен жылы Штутгарттағы турнирде жеңіске жеткен болатын. Сондықтан бұл жолы өзінің жеңіп алған ұпайларын қайта дәлелдеуі керек. Ал бұл екі жарыс бір-бірімен қатарлас келіп қалып тұр», - деп түсіндіржі ол. Шарапова Федерация Кубогының 7-8 ақпан күндері Польша құрамасымен өткен ширек финалдық кездесуінде Ресей командасы сапында өнер көрсеткен еді. Ол сонда апалы-сіңлілі Урсула және Агнешка Радваньсаларды кезек-кезек ұтып, құрама екі ұпай алып беріп, оның жартылай финалға шығуына көмектескен болатын. Ресейліктер ендігі жартылай финалдық матчта 18-19 сәуір күндері немістермен өткізеді. Келесі жартылай финалдық жұпта француз және чех қыздары ұшырасады. Айта кететін жайт, Мария Шарапова қатысуға ниет етіп қойған Штутгарт турнирі 20 сәуірде басталады. Ал WTA турнирінде өнер көрсету оған ұйымның рейтингісінде америкалық Серена Уильямстан кейінгі екінші орнын сақтап қалу үшін ауадай қажет. Дамир Қожамқұл. Дерек, сурет: ТАСС.
Соңғы жаңалықтар