ТАРАЗ. 6 мамыр. Алдағы уақытта Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылмақ. Сонымен қатар, жоғары оқу орнында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Бірлігі мықты ел озады» атты өнер фестивалінің гала-концерті өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Мемлекетімізде тұрып жатқан көптеген ұлттар мен диаспоралар осы уақыт ішінде ынтымағы жарасып, татулық бесігінде тербеліп келеді. Рас, қазақ халқы тарихтың жазуыменен елімізге кіріккен көптеген ұлттарға бауырмалдық танытып қана қойған жоқ, оларға барынша демеу болып, қолдау көрсетті. Біздің оқу орнымызда 10-нан астам ұлттың өкілдері сапалы білім, саналы тәрбие алуда. «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық» дегендей, расында, Қазақстанның саяси-әлеуметтік дамуында «бірлік» категориясы ең негізгі құндылық болып табылады. Ендеше, бірлігі бекем, ынтымағы берік еліміздің асар асуы, шығар биігі көп болғай!» – деді ТарМПИ ректоры Дария Қожамжарова.
Осы оқу орнының ұйытқы болуымен студенттер мен Жамбыл облысы өңіріндегі ұлттық-мәдени орталықтар өкілдерінің қатысуымен өнер фестивалі ұйымдастырылған болатын. 3 айға созылған шара қорытындысы бойынша түрлі номинацияларда үздіктер анықталып, марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік ұлттық дәстүр» аталымы бойынша Шығармашылық мамандықтары факультетінің «Мәдени тынығу жұмысы және хореография» кафедрасы, Педагогика факультетінің «Арнайы педагогика» кафедрасы лайық деп танылды. Ал, «Үздік ұлттық тағам» номинациясын Тарих-география факультетінің «Философия және саяси әлеуметтік пәндер» кафедрасы, Жаратылыстану ғылымдары факультетінің «Биология және биологияны оқыту әдістемесі» кафедрасы, Шығармашылық мамандықтар факультетінің «Кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасы қанжығаларына байлады. «Жаратылыстану ғылымдары факультетінің «Химия және химияны оқыту әдістемесі» және «Информатика және Есептеу техникасы» кафедралары, Филология факультетінің «Шетел тілдері» кафедрасы «Үздік ұлттық өнер» номинациясында үздік деп танылды.
Мерекелік шара соңы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Жібек жолы» халықтық-эстарадалық оркестрі, «Көне Тараз» фольклорлық-этнографиялық және «Томирис» би ансамбльдерінің, ұлттық-мәдени орталықтардың шығармашылық ұжымдарының Гала-концертіне ұласты.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 06 Мамыр, 2015
Таразда Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылады

25 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Оңтүстікте күн 32 градусқа дейін жылынады
Ауа райы • Бүгін, 22:59
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Бүгін, 22:36
Теміртауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 21:56
Ақтөбеде белгісіз біреу кішкентай қызды алып кетпек болған
Оқиға • Бүгін, 21:19
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Бүгін, 20:53
Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Күрес • Бүгін, 20:28
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04