Табиғат • 06 Қазан, 2025

Cирек кездесетін аң бейнежазбаға ілінді

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (Алматы облысы) аумағында Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) кездескен, деп хабарлайды Egemen.kz

Cирек кездесетін аң бейнежазбаға ілінді

Фото: Видеокадр, ile_alatau_nationalpark

Аталған жабайы жануар – Ақсай филиалының инспекторлары жүргізген рейд барысында кадрларға түсіп қалған. Еске салайық, сирек кездесетін жыртқыш Түркістан сілеусіні – Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

«Әдетте тек фототұзақ арқылы тіркелетін сілеусін бұл жолы небәрі 5-10 метр қашықтықтан кездесті. Бұл ұлттық парк аумағындағы биоалуантүрліліктің сақталуын және табиғатты қорғау шараларының тиімділігін айқын көрсетеді», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025