Білім • 03 Қараша, 2025

Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада ұйымдастырылды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда республикалық физика-математика мектебінің ұйымдастыруымен өткен «FAIO 2025» олимпиадасы қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада ұйымдастырылды

Шығармашылық дағдыларға баулуды мақсат еткен жасанды интеллект саласындағы ең ірі жарыс – FAIO 2025 іріктеу кезеңіне 9 елдің 50 қаласынан 400-ден астам команда, мыңнан астам оқушы қатысты.

Оза шауып, финалға жеткен 7 елдің 51 командасы бақ сынап, Google, Huawei, Beeline, Freedom Bank инженерлері дайындаған тапсырмаларды дәлме-дәл орындауға тырысты. Маңыздысы – ең дұрыс шешімін табу.

FAIO 2025 олимпиадасының техникалық жетекшісі Қуаныш Өтеудің айтуынша, Fizmat AI олимпиадасы былтыр республикалық деңгейде өткен. Биыл бұл жарыс алғаш рет халықаралық ауқымда ұйымдастырылды. FAIO 2025 олимпиадасы – командалық сайыс. Бір топта үш оқушы бар. Басты мақсат – оқушыларды шығармашылық ойлауға тәрбиелеу және ізденіске үйрету. Қатысушылар ғылыми, қиын, индустрияда, шын өмірде кездесетін қиын есептерді шығарды.

Олимпиадада тапсырманы дұрыс орындап, 1-орынды ресейлік команда иеленсе, Қазақстан командалары 2 және 3-орындарды еншіледі. Жеңімпаздар дипломдар мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

аа

Биылғы жарыстың жүлде қоры 5 миллион теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30