Газетіміздің өткен жылғы 11 қарашадағы санында «Жаназа асы жиналысқа айналмаса етті» деген тақырыппен жарияланған авторлық бағанымызға қалың оқырман тарапынан біршама қызығушылық болғанын байқадық. Әрине, адамның адамшылығы, ар-иманы, мұсылмандық парыз бен ата жолына адалдығы сынға түсер осындай өзекті мәселеде көпшіліктің бейжай қалмай, белсеніп шығуы құптарлық. Мұны «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейтін қазақтың өткен аруақтарға бата оқыр, жаназа, ас беру сықылды өлік жөнелтудің рәсім-жоралғыларына деген риясыз құрметі деп түсінсек керек-ті.

Осы орайдағы орынсыздықтар, әлбетте, аруақ пен ата салтын сыйлайтын, көкірек көзі ашық әрбір адамды толғандырып, жанына батары күмәнсіз. «Біздің қазақ тойды да, жаназаны да, садақаны да – бәрін-бәрін шоуға айналдырып жіберді, – деп жазыпты газет көтерген тақырыпқа үн қосқан атыраулық Боранбай Ғалиев деген азамат. – Бұған, бір қызығы, естісі де, есері де, көлденең көк аттысы да ештеңе демейді. Осындай жерлерде жөн сөз сөйлеп, дұрыс бағыт көрсетіп жіберетін молдаларымыздың уахабист, зиялыларымыздың «артист» болып кеткенін несін жасырамыз?! Тіпті, басалқы айтады дейтін ақсақал санатындағылар ешкімге жеккөрінішті болғысы келмей, ақиқаттан бойларын аулақ салып, тасада қалып, тыныш жан бағудың қамында жүргені қынжылтады»… Иә, ащы дауыстың ашынғаннан шыққаны анық.
Екібастұздан Сайлау Байбосын мақалада көрсетілген келеңсіздіктерді екі күннің бірінде көздері көріп жүргенін айта келе: «…Тағы бір байқағанымыз, атақ-абыройы бар адамның жаназасын басқаруды кейбіреулер, тіпті, сұрап алады. Сондағы пасық мақсаты – жаназаны шын көңілімен жүргізу емес, керісінше, «Пәленбайдың жаназасын пәленшекең жүргізіпті!» деген атақ үшін. Ниет таза болмағасын аузына не келсе, соны айтады. Тыңдап отырып өзің ұяласың» деп назаланады.
«Пенде» деген бүркеншік атпен түскен пікір жаназа асын өткізуге байланысты біраз жайдың бетін ашқан екен: «Осы ойтүрткі мен азаматтардың пікірлері менің біраз уақыттан бергі көкейімде жүрген жайттарды оятқандай болды. Құдай өзі бетін аулақ қылсын, осы сияқты топырақ салу немесе қырқына, иә болмаса жылдық астарға көптің бірі ретінде қатысып жүреміз. Кейінгі кезде осындай жиындарды басқарушылардың, құдды бір той асабасындай желпілдеп, айтқан кейбір сөздерін естігенде қынжылып-ақ қаласың. Сол жиынға себепкер болған марқұм жөнінде небір артық, әсіре сөздер айтылып, жер-көкке сыйғызбай мақтаудың неше атасына бөлеп жібереді-ау, шіркіндер. Қайтқан рухқа оның өзеуреген көлгір сөзінің еш пайдасы жоқ, бос былшыл сияқты болып көрінеді маған. Және бізде біреу дүниеден өтсе, ана молданы емес, мына молданы әкел деп арнайы тағайындап қойылғандай, әлдебіреуді алалап іздестіріп жатады. Нақ сол айтқаны болмаса, имансыз қалатындай көрінеді. Сонымен бірге, жаназа кезінде біздің қайсыбір молдекеңдердің де көпшілікке қаратып айтқан кейбір сөздері көңілге қонбайды-ақ. Мысалы, «Көрмеген көшесінен жарылқасын» дейді. Сонда о дүниеде көше бар ма екен? Менің ойымша, марқұмның рухына ешқандай мипаз мақтаулар мен күміс қаптаулар қажет емес сияқты. Тек арнайы шын ықыласпен барып, бір уыс топырақ салып, көптің қатарында мұсылман қауымының барша аруақтарына дұға оқылып, бата жасалғанда қалтқысыз ниетпен бет сипау нағыз мұсылманның міндет-парызы деп санаймын. Және де «Сен де мендей болғансың, мен де сендей болармын, аруағыңның алдында, пендешілікпен біліп-білмей істелген күнәлі іс, ғайбат сөздерім болса, ғафу-рахман, бауырым, сенің рухың таза, бақұл бол» деген ойға келсек болмас па».
Ойлы оқырманның «Егемен» сайтындағы пікірі осындай екен. Шынында да, о дүниенің шегінен аттағаннан кейін аруаққа мақтау да, мадақ та керек емес. Оның рухы тек дұға дәметеді. Себебі, о дүниеде оған тек иман байлығы ғана жолдас бола алады. Абай ғақлиясына зейін қойсақ, сөздің басы, әуелі аят, хадис болуы керек. Жиналыс емес. Әйтпесе, кейбір ғылым докторы, академик ағалардың жаназа, басқа астары ғылыми конференцияға айналып кеткенін көзіміз көріп, көңіліміз жасып жүр. Бұл арада имам, молдалар тізгінді өз қолына алып, Алла құлшылығы, аруақ разылығы үшін мұсылмандық уағызға, имандылық сөзіне көбірек ұйытқаны дұрыс па дейміз. «Өлім бардың малын шашады, жоқтың артын ашады» деген сөз қазір ескірген. Өлік жөнелтудің, қимас жақындарымызға соңғы қош-қошымызды айтудың өнегелі жақтарына ұмтылайық. Сөйтсек, оның салауаты – өліге, сауабы – тіріге жазылары хақ.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»
10 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
«Восточный» көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 10:37
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде бір саты төмендеді
Спорт • Бүгін, 10:25
Қытай мен Өзбекстанға рейстер саны артты
Қазақстан • Бүгін, 10:17
Қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асты
Қаржы • Бүгін, 10:07
Қазақстан мен Түрікменстан арасында көпір бой түзеді
Әлем • Бүгін, 10:00
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматы облысында әскери қызметкер қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:42
Шөптегі хоккей: Қазақстан құрамасы Сингапур спортшыларын ұтты
Спорт • Бүгін, 09:37
Қашағанда мұнай қайта өндіріле бастады
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Бүгін – Абай Құнанбайұлының туған күні
Абай • Бүгін, 09:18
Елімізде 2389 адам індеттен жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Тағы 1650 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Үздіктер қатарынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Торонтода табысқа жете ала ма?
Теннис • Бүгін, 08:39
Халықаралық олимпиада жүлдегері
Білім • Бүгін, 08:37
«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 08:35
13 қызметті автоматтандыру жоспарланған
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Теннис • Бүгін, 08:32
85 миллион теңгеден астам берешегін қайтарған
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:27
Колумбия үлкен өзгеріс қарсаңында тұр
Әлем • Бүгін, 08:25
Ақсақалдар кеңесі Бішкекте бас қосты
Саясат • Бүгін, 08:23
Абай күні кең көлемде атап өтілуде
Абай • Бүгін, 08:20
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар