Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025

Елімізде зооволонтерлік қозғалыс жүйелі түрде дамып келеді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен Ұлттық волонтерлік желісі «Kazakhstan for Animals» жобасын жүзеге асырды. Зооволонтерлік мәдениетті дамытуды көздейтін жобаға еліміздің 20 өңірінен 1612 азамат қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде зооволонтерлік қозғалыс жүйелі түрде дамып келеді

Фото: mosmolodezh.ru

Бастама аясында жеті мектепте волонтерлік клуб ашылып, серіктес ұйымдармен бірге 20-дан аса іс-шара ұйымдастырылған.

Салаға қызығушы волонтерлердің мүмкіндіктерін арттыру мақсатында базалық білім беру бағдарламасы әзірленген. Бағдарлама шеңберінде 886 адам білім алған. Сонымен қатар, бастама аясында жануарларға қамқорлық тақырыбында балаларға арналған кітап, комикс пен анимациялық туынды авторларының арасында шығармашылық байқау ұйымдастырылған.

Мәдениет және ақпарат министрлігі бастаманы еліміздегі зооволонтерлік қозғалысты ілгерілетуге және жануарларға қамқорлық мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам деп бағалады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35