Фото: Ашық дереккөз
А.Әлназарованың айтуынша, жалпы наркоз – күрделі медициналық емшара, оны тәжірибелі анестезиологтың қатысуымен, қажетті құрал-жабдықтың толық қамтамасыз етілуімен ғана жүргізуге болады.
Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша елдегі 622 стоматологиялық ұйымға жоспардан тыс тексеріс басталған. Министрліктің дерегіне сәйкес, қазіргі таңда 290 тексеріс тіркелген, оның 135-і аяқталған. 103 тексеріс жалғасып жатыр, 52 ұйымның жұмысы тоқтап тұрғандықтан тізімнен шығарылған, тағы 26 нысан тексеруге тіркелу кезеңінде. Прокуратура жолдаған 316 клиниканың 34-і МӘМС аясында қызмет көрсетеді, ал 282-сі тек ақылы негізде жұмыс істейді.
Министр ата-аналарды балаларға анестезияны «ыңғайлы тәсіл» ретінде қарастырмауға шақырады.Ол ұзақ наркоздың баланың жүрек-қан тамыр, тыныс алу және жүйке жүйесіне қауіп төндіруі мүмкін. Кейбір жеке клиникалардың «барлық тісті бір сеанста емдейміз» деген ұсынысы тек нақты медициналық негіз болған жағдайда ғана орынды екенін атап өтті.
«Ата-аналар шешім қабылдамас бұрын барлық тәуекелдер мен жағдайлар туралы толық ақпарат алуы қажет. Баланың қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында тұруы тиіс», деді Денсаулық сақтау министрі.
Бұған дейін министр Ақмарал Әлназарова Астанадағы стоматологиялық клиникада наркоздан кейін көз жұмған үш жасар қызға қатысты жағдай бойынша севофлуран (севоран) препаратының қолданылуына тыйым салу мәселесіне түсінік берген еді. Қазір бұл іске қатысты сот процесі жалғасып жатыр.