Оқиға • Бүгін, 10:15

Британиялық инвестициялық қор: алаяқтар Астана тұрғынын қайтіп алдаған?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында Қаржылық мониторинг агенттігі «S-Group» компаниясын қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін тексеріп жатыр. Компания өзін Ұлыбританиядағы инвестициялық қор ретінде көрсетіп, Forex нарығында сенімгерлік басқару, майнинг және криптотокендер арқылы сауда жүргіземіз деп жариялаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Британиялық инвестициялық қор: алаяқтар Астана тұрғынын қайтіп алдаған?

Фото: Ашық дереккөз

Салымшыларға үлкен табыс уәде етілген: айына 15-20%, жылына 120-180%. Қатысушылар виртуалды кабинет арқылы «табыстың өсуін» көріп, инвестиция шынайы жүргізіліп жатыр деп сенген. Алайда іс жүзінде қаражат инвестицияланбаған, күдіктілердің жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.

«Келтірілген залалдың жалпы сомасы 136 млн теңгеден асты. Қылмыстық жолмен алынған табысқа ұйымдастырушылар елордада 2 пәтер және 2 автокөлік сатып алған, оларды мүмкін болатын тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді тұлғалардың атына рәсімдеген. Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды», делінген хабарламада.

Қазір күдіктілерге елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат қолданылған. Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.