Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025

Сақ болыңыз: Алаяқтар тұрғындарды алдауда жаңа тәсіл қолданып жатыр

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алаяқтар тұрғындарды алдауда жаңа айла қолданып жатыр. Азаматтар өздері байланысқа шығып, киберқауіпке ұшырауы мүмкін. Полиция мен Бас прокуратура азаматтарға сақтық шараларын ұсынады және тек ресми байланыс нөмірлері арқылы ғана хабарласуды ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Сақ болыңыз: Алаяқтар тұрғындарды алдауда жаңа тәсіл қолданып жатыр

Соңғы уақытта интернет-алаяқтықтың жаңа түрі таралып келеді.

«Қаскүнемдер жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар және банктер атынан әртүрлі хабарламалар мен SMS-хабарламалар жіберіп, азаматтарды өздері қайта қоңырау шалуға итермелейді. Мұндай тәсілдер азаматтардың қырағылығын төмендетіп, қауіптің алдын ала байқалмауына әкеледі», делінген ІІМ таратқан хабарламада. 

Алаяқтар «авторизациядағы қате», «домофонды ауыстыру», «есептегіштерді тексеру» сияқты сылтаулармен азаматтарды өз еркімен байланысқа шығуға мәжбүрлейді. Салдарынан еш күмәнданбаған тұрғындар кибералаяқтарға әлеуметтік инженерия әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда қаскүнемдер сенімге кіріп, жеке деректерді, банк мәліметтерін алуға немесе қаржылық шығын келтіруге бағытталған әрекеттер жасайды.

Алдын алу мақсатында полиция мынадай сақтық шараларын ұсынады:

  • Беймәлім хаттарға, хабарламалар мен қоңырауларға сыни көзқараспен қарау;
  • Ұйымдардың тек ресми сайттарында көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы ғана қоңырау шалу; екі факторлы аутентификацияны пайдалану;
  • Банк карталарының деректерін, SMS арқылы келетін бір реттік кодтарды және өзге де құпия ақпаратты бөгде тұлғаларға бермеу.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда белгісіз адамдар өздерін энергетика орталығының қызметкері ретінде таныстырып, зейнеткердің шотынан 24 млн теңге иемденіп алмақшы болған еді. 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35