Экономика • 18 Желтоқсан, 2025

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтың айтуынша, 2025 жылдың 11 айында өңдеу секторындағы өндіріс көлемі 5,9%-ға өсіп, 27 трлн теңгеден асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асты

Фото: Үкімет, телеграм

Өсім металлургия, машина жасау, химия және құрылыс материалдарын өндіру сынды негізгі секторларда оң динамика көрсетіп отыр. Бұл – Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау жөніндегі жоспарлы жұмыстың нәтижесі.

«Бұл көрсеткіштерге жаңа индустриялық жобалар елеулі үлес қосып жатыр. Биыл іске қосылған кәсіпорындар толық қуатына шыққан кезде өңдеу өнеркәсібінің көлемі жылына қосымша 2,3 трлн теңгеге өсуі мүмкін», деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар