Қоғам • Кеше

Платформа арқылы оқыған тиімді

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері 553,7 мың азамат, оның ішінде 53,5 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн курстардан өтіп, оқығанын растайтын сертификат алды. Платформада ұзын саны 1 миллионнан астам отандасымыз тіркелген. Оның ішінде биыл тіркелгендер – 710,3 мың адам.

Платформа арқылы оқыған тиімді

Оқуды аяқтаған 53,5 мың жұмыссыз азаматтың қатарында Түркістан облысы алда тұр. Өңірде 3,5 мың адам онлайн оқудан өткен. Тізім­де Қызылорда, Қостанай облыс­тары, Алматы қаласы мен Алма­ты облысы да алдыңғы қатар­да. Платформа іске қосылғалы бері авторлар түрлі бағыттарда 1 000-нан астам курс жарияла­ған. ­Оның ішінде 375 сабақ тегін. ­Сондай-ақ одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүм­­кін­дігі­мен Courstore, Fluent Education, Яндекс Қазақстан серік­тестерінің курстары бар. Сабақ­тардың ұзақтығы 6-дан 72 сағатқа дейін. Оқып сертификат аламын деген адамға еш қиындығы жоқ. Үй­ден шығып, оқытатын адам­мен тікелей жүздесемін деп те әуре болмайсыз.

Кейінгі айлардағы ең танымал курстардың ішінде «IT және телекоммуникация», «Аспаз-кондитер», «Сенің мансаптық бастамаң: «Электрондық еңбек биржасын қалай пайдалануға болады», «Жұмысшыларды басқару», «Пішу және тігу» сынды сабақтар бар. Қуантарлығы, платформада әлеуметтік қызмет көрсету, басқа да салалардағы түрлі мамандықтар жөніндегі тегін курстардың саны үнемі артып отырады. Мысалы, биыл Жұмысшы мамандықтар жылына орай мектеп түлектері мен техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне «Сенің мансаптық бастамаң: «Электрондық еңбек биржасын қалай пайдалануға бола­ды» атты курс орналастырылған. Дәл осы арнайы сабақтар жас­тардың мамандық таңдауына жәр­демдеседі. Олар сабақта жұ­мыс іздеп, өзіндік дағдыларын қа­лыптастыруды үйренеді. Сон­дай-ақ электрондық еңбек бир­жасының құралдарын тиімді қол­данып, бос жұмыс орындарын табу, біліктілікті арттыру, басқа да мүмкіндіктерді ерте бастан біліп өседі. Бүгінде 375 мыңнан астам мектеп оқушысы мен студент аталған оқытудан өткен.

Негізі платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға, «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Әрі жүйе қызметтер нарығы қағидатына сәйкес онлайн курс­тарға қол жеткізуді ұсынатын ха­лықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған. Оқу электрон­дық еңбек биржасындағы «Он­лайн оқыту» бөлімінде қолжетімді. Платформада ел азаматтары оқытудың тілін, материалды бе­рудің ыңғайлы тәртібін өз­дері дербес таңдайды. Білім беру үдерісінде өзінің қалай ілге­рілеп жатқанын да бақылай ала­ды. Жүйенің білім алушыға артық­шылығы көп. Мысалы, кеңей­тілген курстарды іздеу жеңіл әрі курс авторларымен жылдам хабар алмасуға болады. Жасанды интеллект көмегімен чат-бот та қолжетімді.

Ескеретін жайт, оқу аяқталған соң білім алушы 70% шекті деңгеймен тест тапсыруға тиіс. Тестілеуден сәтті өтіп, онлайн курсты аяқтаған жағдайда ғана дағдыларды игергені тура­лы сертификат беріледі. Курс аяқ­талғаннан кейін білім алу­шылардың курсты бағалауы да мін­детті талаптардың бірі.

Платформаның тағы бір ар­тықшылығы, оқудан сәтті өтке­ніңізді растайтын сертификатты жүктеу барысында игерген дағ­дыңызға қарай Enbek.kz-те бос жұмыс орындарына қатысты ұсы­ныстар шығады. Ол сертификат электрондық еңбек биржасына тір­келгенде білім алушы жасаған түйіндемеде де автоматты түрде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

Технология • Кеше