Фото: .istockphoto.com
49 жастағы банк маманы жәбірленушімен ортақ танысы арқылы байланысқан. Клиент шетелде жүрген кезде, делдал оны ақшаны қарызға беруге көндіріп, қаражатты алуға келісім берген сәтін видеоға түсіріп жіберуді сұраған. Осы бейнежазбаны алған күдікті дереу іске кіріскен.
Полицияның мәліметінше, банк қызметкері алдымен ер адамның шотынан 18 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған. Бұл аздай, өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, клиенттің әйеліне тиесілі шоттан тағы 17 млн теңгені шешіп алған. Жалпы шығын 34 млн теңге.
Қазіргі уақытта күдікті әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.