Өшпес даңқ • 31 Желтоқсан, 2025

Бауыржан Момышұлына арналған мемориалдық тақта ашылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған мемориалдық тақта ашылды. Іс-шара Жамбыл облысы Жуалы ауданының Б. Момышұлы ауылында өтті. Салтанатты жиынға Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бауыржан Момышұлына арналған мемориалдық тақта ашылды

Бұл жерде Тараз гарнизонының тау қорықшылары жеке полкі орналасқан. Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған салтанатты жиында полк басшылығы, жеке құрамы, шақырылған қонақтар және Қарулы күштердің ардагерлері бой көрсетті.

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов өз сөзінде Жамбыл облысы Әлішер Қырықбайұлы, Әуесбай Көмекбайұлы, Әмір Жаңабайұлы, Мақсат Тұрарұлы, Мұхит Балмағамбетұлы, Тілеужан Қуатжанұлы және Мақсат Құрманғазыұлы сынды батырларымен мақтана алатынын атап өтті.

тақта

Оның айтуынша, бұл батырлар – өз халқына адал қызмет еткен, Отан қорғаған нағыз патриоттар. Қазақстандықтар ержүрек жауынгерлер мен Бауыржан Момышұлының ерлігін ұмытпайды. Оған Халық қаһарманы атағының берілуі – халықтың батырдың ерлігіне деген зор құрметінің айқын көрінісі.

Еске салсақ 25 желтоқсанда Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бауыржан Момышұлына (қайтыс болғаннан кейін) Халық қаһарманы атағы беріліп, ерекше айырым белгісі – Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар