Фото: info.homsters.kz
Бұл бастама жас ғалымдарды қолдауға, олардың ғылыми әлеуетін арттыруға және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.
Аталған іс-шара барысында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің үш жас ғалымы: Е.Сарсикеев, Л.Аутелеева мен Б. Ысқақова баспаналы болды.

Айта кетейік, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мұндай қолдау шаралары жас ғалымдардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, еліміздің ғылыми әлеуетін нығайтуға зор ықпал етеді.
Бұған дейін ҚазҰУ-дың жас ғалымы цикорийдің диабетке қарсы қасиетін дәлелдегенін хабарлағанбыз.