Әлем • Кеше

Ирандағы қақтығыс: Құрбандар саны артып, жағдай ушығып барады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранда ауыр экономикалық дағдарыс пен құнсызданудың кесірінен туындаған қақтығыс бесінші күн қатарынан басылмай тұр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қақтығыс кезінде кемінде алты адам ажал құшып, ондаған шеруші қамауға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ирандағы қақтығыс: Құрбандар саны артып, жағдай ушығып барады

Фото: Видеодан алынған кадр

Америкалық Associated Press агенттігінің бейсенбі, 1 қаңтар күні кешке таратқан мәліметіне сүйенсек, экономикалық шиеленіске байланысты өтіп жатқан шерулер кезінде кемінде алты адам қаза тапқан. Алғашқы құрбандар туралы ақпаратты Reuters агенттігі де жергілікті БАҚ пен құқық қорғау ұйымдарына сілтеме жасай отырып таратты.

Иранда қақтығыстар барысында бірнеше адам қаза тапты

Наразылық қалай басталды?

Толқулар 28 желтоқсанда Тегеранда басталды. Алдымен ұялы телефон сататын дүкен иелері, кейін басқа да кәсіпкерлер экономиканың нашарлауына наразылық ретінде сауда нүктелерін жапты. Көп ұзамай бұл акцияларға басқа ірі қалалардың тұрғындары да қосылды.

30 желтоқсанда алғашқы қақтығыстар тіркеліп, тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолдана бастады.

Иран Президенті Масуд Пезешкиан Ішкі істер министрлігіне шерушілермен диалог орнатып, олардың заңды талаптарын тыңдауды тапсырды. Сонымен қатар күштік құрылымдар бұл оқиғаларды «сыртқы жаулардың қастандығы» деп атап, халықты жиынға қатыспауға шақырды.

1 қаңтардағы мәлімет бойынша, Тегеранда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 30 адам қамауға алынған.

Соңғы жаңалықтар