25 Маусым, 2015

Журналистер марапатталды

284 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ақпарат және байланыс саласы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, награда иелеріне арнайы төсбелгі табыс етті. Салтанатты мерекелік шара барысында Бердібек Мәшбекұлы: «Сіздер билік пен халықтың арасындағы көпір болып есептелесіздер. Қарапайым халық сіздер арқылы өздерінің ше­шіл­мей жатқан мәселелерін билік­ке жет­­кі­­зіп, шешеді. Сіздер эконо­ми­ка­­мыз­­дың дамуына үлкен үлес қоса­сыз­дар. Өйткені, қазіргі даму зама­нында ең қымбат, ең керек нәрсе – мәлімет. Сіздер мемлекетке, оның ішінде Үкіметке тез, жылдам керекті мәліметтерді бересіздер. Сол сіздер берген мәліметтерді талдау мен зерт­теудің нәтижесінде біздер өзіміздің жоспарларымызға өзгерістер енгізіп, еліміздің экономикасының дамуына үлес қосамыз», – деді Б.Сапарбаев. Үкімет басшысының орынбасары өз сөзінде елімізде «Ақпараттық Қазақстан-2020» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, осы бағдарламаның арқасында еліміздегі ақпараттық жүйе жақсы дамып келеді. «Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингіне сәйкес, Қазақстандағы байланыс саласындағы ақпараттың дамуы алдыңғы қатарда. Оның ішінде ғаламтордың, ұялы байланыстың бағасы жылдан жылға төмендей түсуде.  Қазіргі таңда Қазақстан ұялы байланыс тарифі бойынша әлемде 17-ші, ал ғаламтор бойынша 8-ші орында», – деді ол. Сондай-ақ, шара барысында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев аталған сала қызмет­керлерін «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттап, аталған сала мамандарын алдағы уақытта да ел абыройын асқақтата беруге шақырды. Шараға белгілі қоғам қайраткерлері, Мәжіліс депутаттары және БАҚ өкілдері қатысты. Шара соңы шағын мерекелік  концертке ұласты. Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.
Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23