Оқиға • Кеше

Қостанай облысындағы шахтада жарылыс болып, жұмысшы жарақат алды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысындағы «Соколов» шахтасында болған жарылыс салдарынан скреперлік шығыр машинасы істен шығып, жұмысшы зардап шекті. Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысындағы шахтада жарылыс болып, жұмысшы жарақат алды

Фото: istockphoto.com

Оқиға «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-на қарасты шахтада болған. Мәліметтерге сәйкес, кен қазындысында руда кесектері тұрып қалған. Соларды тазарту үшін жарылғыш материалдарды қолдану кезінде бақылаусыз жарылыс болып, салдарынан машинист жарақат алған.

Қазіргі уақытта зардап шеккен жұмысшы қалалық ауруханада медициналық көмек алып жатыр. Компания өкілдері оның жағдайы бақылауда екенін айтты.

Болған оқиғаға байланысты полиция департаменті еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу аясында құқық қорғау органдары оқиғаның барлық себептерін анықтап, тиісті құқықтық баға беретін болады.

Соңғы жаңалықтар