Медицина • Кеше

Биыл медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өседі

30 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі ем алушыға бағдарланған, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған саланы жаңғырту және дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Биыл медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өседі

Фото: Қырмызы Жұмағалиқызы

Оның айтуынша, Президент тарапынан дәйекті қолдаудың арқасында денсаулық сақтау саласына жұмсалатын мемлекеттік шығындар соңғы жылдары үш есеге жуық өсіп, 2025 жылы 3 трлн теңгеге жеткен. Бұл медициналық көмектің көлемін едәуір кеңейтуге, инфрақұрылымды ауқымды түрде жаңғыртуға және медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңартуға мүмкіндік берді.

Мәселен, республикалық маңызы бар Ұлттық онкология орталығы, Астанадағы шұғыл медицина орталығы, сондай-ақ Алматыдағы Ұлттық жұқпалы аурулар орталығы сынды негізгі нысандар пайдалануға берілді. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту жөніндегі ауқымды жоба аяқталып келеді. Қазірдің өзінде ауылдық жерлерде 650-ден астам медициналық нысан пайдалануға берілді. Бұл қала мен ауыл арасындағы алшақтықты едәуір азайтты», деді Тимур Сұлтанғазиев.
«12 жылға дейін қамау»: Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза бекітілді
Ұзақ уақыттан бері алғаш рет тарифтік саясат қайта қаралды. Босандыру және педиатрия тарифтері көтерілді, аурулардың алдын алуға, ерте диагностикалауға және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға баса назар аударылып отыр. Клиникалық бағыттарда елеулі оң көрсеткіштер байқалып, ана мен баланың денсаулығын сақтау жүйесі нығайған. Онкологиялық қызмет белсенді дамып келеді, бұрын негізінен шетелде қолжетімді болып келген жоғары дәлдіктегі емдеу әдістері енгізіліп жатыр. Дәрілік саясатқа деген жаңаша көзқарас дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тұрақтылығын арттырып, бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік берді. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгілеп берген стратегиялық басымдық ретінде цифрландыруға ерекше назар аударылады.
«Салада «eDensaulyq» экожүйесі қалыптасып келеді, дәрігерді қолдау және медициналық көмектің сапасын арттыру құралы ретінде жасанды интеллект негізіндегі шешімдер енгізіліп жатыр», деді бірінші вице-министр.

Сонымен қатар Парламент Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген медицина қызметкерлерін қорғау туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді мақұлдады. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қатысты жасалған зорлық-зомбылық үшін жеке қылмыстық жауапкершілік енгізіліп жатыр. Сондай-ақ дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетігі іске қосылды. Әлеуметтік қолдау шараларының арқасында дәрігер тапшылығы – 19%-ға, орта медициналық персонал жетіспеушілігі – 7%-ға, ауылдық жерлерде кадрға сұраныс –16%-ға төмендеді.

Медицина мекемелері құрылысына қаржы бөлінді

«2026 жылдан бастап инфекциялық қызметтер мен жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің жалақысын арттыру қарастырылған. Ал дәрігерлерге қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіледі. Сақтандыру моделіне көшуді, халықты қамту көлемін кеңейтуді және медициналық қызметтер сапасын мемлекеттік бақылауды қалпына келтіруді көздейтін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру жөніндегі заң қабылданды», деді Т. Сұлтанғазиев. 

Саланы дамытудың стратегиялық басымдықтары айқындалып, Денсаулық сақтауды дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы және Медициналық көмектің сапасын басқарудың кешенді жоспары әзірленді. 

2026 жылдан бастап жұмыссыз азаматтар МӘМС арқылы тегін медициналық көмек алады

Бірінші вице-министр атап өткен іс-шаралардың арқасында халықтың болжамды өмір сүру ұзақтығы 75,8 жылды құрап, өлім-жітім көрсеткіштері төмендеп келеді. Жалпы өлім-жітім – 2,6%-ға, нәресте өлімі – 18%-ға қысқарды.

Соңғы жаңалықтар