Оқиға • 13 Қаңтар, 2026

Таиландта аударылған катердің ішінде 8 Қазақстан азаматы болған

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландтың Пхукет жағалауында туристер мінген катер мен балықшыларға тиесілі кеме соқтығысып, катердің басым бөлігі суға батқан. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, катер ішінде ел азаматтары да болған, деп жазады Egemen.kz.

Таиландта аударылған катердің ішінде 8 Қазақстан азаматы болған

Фото: novostiphuketa.asia

Катерде 55 адам болған. Оның сегізі Қазақстан азаматы екені анықталып отыр. 

Министрлік зардап шеккен отандастарымызға медициналық көмек көрсетілгенін хабарлады.

«Қазір Қазақстанның 3 азаматы ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты, барлық шығынды сақтандыру компаниясы өтейді. Консул азаматтармен тұрақты байланыста. Оларға қажетті қолдау көрсетіліп жатыр», делінген ведомство таратқан хабарламада.
Таиландта бұған дейін де туристер мінген катер жанып кетіп, ұшақ апатқа ұшыраған еді. 
 
Соңғы жаңалықтар