DIY (Do It Yourself) санатында 7-сынып оқушылары Жандәулет Амангелді, Али Ертай мен Сүлеймен Мергенбаев алтын медальге ие болды. Ал жаратылыстану ғылымдары бағыты бойынша 6-сынып оқушысы Айсана Саду, 8-сынып оқушысы Зере Саду, 7-сынып оқушылары Али Ертай және Әдел Рахметова қола медальді қанжығалады.
13 жастағы оқушы информатикадан республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды
Математика категориясында 8-сынып оқушысы Дәмелі Қазыбекқызы, 7-сынып оқушылары Жандәулет Амангелді және Сүлеймен Мергенбаев жүлделі қола медальға қол жеткізді.
Ақтаулық жас математиктер халықаралық олимпиадаға жолдама алды
Аталған нәтижелер «NURORDA» мектеп-лицейі оқушыларының ғылыми дайындық деңгейінің жоғары екенін және халықаралық білім кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетеді.
Маңғыстауда олимпиада жеңімпаздары мен үздік спортшылар марапатталды