Білім • Кеше

Ғалымдар өз жобаларына қалай ірі қаржы тарта алады?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада зерттеу-инновациялық идеяларды қаржыландыратын «Horizon Europe» бағдарламасы бойынша халықаралық воркшоп өтіп жатыр. Бұл отандық ұйымдардың аталған бағдарламаға қатысуына жол ашып, әр қадамды дұрыс үйлестіруге жағдай жасап, толымды ақпарат береді. Осы арқылы ғалымдар мен инноваторлар өз жобаларына ірі қаржы тарта алады, деп жазады Egemen.kz.

Ғалымдар өз жобаларына қалай ірі қаржы тарта алады?

«Horizon Europe» бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері мен аса маңызды шикізат материалдары саласындағы халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты дамытуға арналған екі күндік халықаралық воркшоп Еуропалық комиссия мен Nazarbayev University қолдауымен ұйымдастырылды. Воркшопқа университеттер мен ғылыми ұйымдардың, индустриялық серіктестердің өкілдері, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ халықаралық ғылыми жобаларды сүйемелдейтін ұйымдар қатысты.

Спикерлер өз баяндамаларында халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықтың стратегиялық маңызын, «Horizon Europe» бағдарламасының отандық ұйымдарды еуропалық зерттеу кеңістігіне кіріктірудегі рөлін, сондай-ақ ғылым мен өнеркәсіп арасындағы ұзақ мерзімді әріптестіктерді дамытудың өзектілігін атап өтті.

Спортшыларға арналған жасанды интеллект бағдарламасы әзірленіп жатыр

19-20 қаңтар күндері қатысушылар үшін «Horizon Europe» бағдарламасына қатысудың практикалық қырлары, соның ішінде өтінім беру ережелері, халықаралық консорциумдарды қалыптастыру тетіктері және серіктес іздеу құралдары таныстырылады.

Бағдарлама аясында аса маңызды шикізат материалдары мәселелеріне арналған жеке тақырыптық сессия да қарастырылған.

Әлеуметтік бағдарламалар мүмкіндігі

Аталған воркшоп отандық ұйымдардың «Horizon Europe» бағдарламасына қатысу ауқымын кеңейтуге, серіктестік байланыстарды нығайтуға, технологияларды бірлесіп дамытуға, тәжірибе алмасуға және отандық ғылымды халықаралық зерттеу мен инновациялық желілерге жүйелі түрде интеграциялауға мүмкіндік береді.

Біртұтас бағдарлама бетбұрысқа негіз бе?

Соңғы жаңалықтар