Теннис • 21 Қаңтар, 2026

Рыбакина келесі кезеңге шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінің жекелеген сайысында өнер көрсетіп жатқан еліміздің бес теннисшісінің төртеуі келесі кезеңге шықты.

Рыбакина келесі кезеңге шықты

Бұған дейін Юлия Путин­цева, Александр Бублик, Александр Шевченко жеңіске жетіп, Зарина Диас сәт­сіздікке ұшыраған еді. Кеше Елена Рыбакина тұсаукесер кездесуін өткізді. Әлемнің бесінші ракеткасына WTA рейтингіде 97-орында тұрған словениялық ойыншы, 25 жастағы Кая Юванға сан соқтыру аса қиындық туғыза қойған жоқ. 1 сағат 12 минутқа созылған бәсеке 6:4, 6:3 есебімен аяқталды.

Жұптық сайыста жерлес­тері­міздің жолы болмады. Қос Алек­сандр – Бублик пен Шевченко нидерлан-дық Марсело Демолинер мен Жан-Жюльен Ройерге жол берді – 3:6, 2:6. Андрей Голубев пен Александр Недовесов аргентиналық Томас Мартин Этчеверри мен Камило Уго Карабельеге есе жіберді – 3:6, 4:6.

Бүгін екінші кезең басталады. Бұл межеде Юлия Путинцева франциялық Эльза Жакемомен, Александр Бублик мажарстандық Мартин Фучовичпен, Александр Шевченко америкалық Ленер Тьенмен күш сынасады. Ертең Елена Рыбакина Францияның тағы бір өкілі Варвара Грачевамен шеберлік байқасады. Жұптық сайыста Анна Данилинаға сенім артып отырмыз. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге Куинн Глинсон (АҚШ) мен Елена Приданкинға (Ресей) қарсы ойнайды.

Соңғы жаңалықтар

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20