Аймақтар • Кеше

Қызылордада теміржолды кесіп өтетіндер көбейді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Көліктегі қауіпсіздік» жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды. Оның аясында теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткендерге әкімшілік хаттама толтырылды, деп жазады Egemen.kz.

Қызылордада теміржолды кесіп өтетіндер көбейді

Жыл басынан бері теміржол бойында 300-ден аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталыпты. Полицейлер оның басым бөлігі қауіпті аумақты кесіп өту дерегі болып отырғанын айтады. Өткен жылы ережені елемей, жолды қысқартпақ болғандардың 8-і пойыз астына түскен. Оның 5-еуі оқиға орнында жан тапсырса, 3 адам ауыр дене жарақаттарын алыпты. Ал биылғы қаңтардағы 20 күнде 200-ге жуық адамға әкімшілік хаттама толтырылып отыр.

Теміржол станцияларының аумағы темір сыммен қоршалып, қауіпті аймақ екенін ескертетін арнайы тақтайша қойылғанмен де оны елең қылатындар аз болып тұр. Полицейлер рұқсат етілмеген өткелден қайталап өткен тұрғындарға енді 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын айтады.

Былтыр Қызылордада жаяу жүргіншілер ережені неше рет бұзған?

Соңғы жаңалықтар