Көрмеге арт-терапиялық сабақтар барысында орындалған жұмыстар қойылып, изотерапия мен сәндік-қолданбалы өнердің әртүрлі техникалары қамтылды. Атап айтқанда, кинусайга, кілем техникасы, жүннен жасалған акварель және бисермен жұмыс істеу әдістері қолданылған. Бұл тәсілдер зейнеткерлердің шығармашылық әлеуетін ашып, эмоционалдық жай-күйін жақсартуға бағытталған.
Зейнетақы 10%-ға өседі: 2026 жылы зейнеткерлер қанша теңге алады?
Экспозицияға арт-студия үйірмесінің тұрақты қатысушыларымен қатар, жаңадан қосылған зейнеткерлер де қатысты. Көрмеде шамамен 40 қатысушының жұмысы ұсынылып, әр автордың жеке шығармашылық көзқарасы мен стилі көрініс тапты.
«Қысқы шабыт» көрмесі көктемгі көрме ашылғанға дейін жалғасады. Жоба қатысушылардың шығармашылық дамуына ықпал етіп, көрермендерге эстетикалық әсер мен жағымды көңіл-күй сыйлайды.
«Бұл көрме қыстың тыныштығы мен жарығын, өзіндік көңіл-күйі мен рухани әсерін жеткізетін шығармашылық кеңістік ретінде ұйымдастырылды. Сурет өнерін сүйіп тамашалайтын қала тұрғындарын әжелеріміздің шығармаларымен танысуға шақырамыз. «Қысқы шабыт» көрмесі Қошқарбаев даңғылы 29/1 үйде қыс айларының соңына дейін жалғасады», деп ой бөлісті көрме ұйымдастырушы Айгүл Еркінқызы.
Жалпы Алматы ауданы бойынша арт-терапия үйірмесі 2022 жылдан бері жұмыс істеп келеді, үйірмеге қол өнер шебері Айгүл Қожахметова жетекшілік етеді.