АТЫРАУ. 26 наурыз. Атыраудағы «Нұр Отан» партиясы өңірлік филиалы алдындағы алаңда президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевты қолдаушылар форумы өтті. Оған өңірдегі кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс жасайтын мұнайшылар мен теміржолшылар, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының мүшелері, мұғалімдер мен дәрігерлер, қаржы саласының қызметкерлерінен құралған екі мыңнан астам қолдаушылар қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Форумда алдымен Қазақстан Респбуликасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың облыстық қоғамдық штабының жетекшісі Бейбіт Мамраев сөз алып, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының, ел бірлігі мен халық ынтымағының жемісі екеніне кеңінен тоқталды.
Мұнайлы өңірде татулық пен тұрақтылықтың орнығуына үлес қосып жүрген өзге этностардың атынан сөз алған «Видергебург» неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Александр Думлер: «Біздің елімізде тұрақтылық пен қоғамдық келісім бар. Экономикалық өркендеу жаңа биіктерге жетелеп келеді. Жұмыс орындары ашылып жатыр. Жаңа кәсіпорындар іске қосылуда. Осының бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елді бірлікке ұйыстырған, жаңа істерге жұмылдырған көреген саясатының жемісі. Біз Елбасының саясатын қолдаймыз», деді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдаған саяси ұйымның бірі – «Патриоттар» партиясы. Форумда сөз алған аталған саяси ұйымның өңірлік филиалының бірінші хатшысы Ағила Молдағалиеваның пікірінше, Қазақстан тәуелсіздікке ие болған жылдарда басқа мемлекеттер ғасырлар бойы жүріп өткен жолды еңсеріп, қарқынды дамушы, экономикалық қуатты мемлекетке айналды.
Шара барысында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Бақтыбек Таубаев: «Біздің бәріміздің бір Отанымыз бар. Ол –Тәуелсіз Қазақстан. Біздің басты байлығымыз – Тәуелсіздік. Себебі, халыққа ең керегі – тұрақтылық пен бейбіт өмір. Ал Елбасының еліміз тәуелсіздік алғалы жүргізіп отырған саясатының басты діңгегі – тұрақтылық. Қазақстан нұрлы болашаққа Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге жетуді қалайды», деді.
Сонымен бірге, бұл күні Атырау қаласындағы Қ.Смағұлов атындағы алаңда жастар мен студенттердің Нұрсұлтан Назарбаевты қолдауға арналған флешмобы өтті. Облыстық қоғамдық штаб мүшелері Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ-ның ұжымымен кездесті.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Cурет: Рахым Қойлыбаев.

Германия құрамасының қақпашысы әлем чемпионатында рекорд орнатты
Футбол • Бүгін, 11:55
Димаш Құдайберген өзінің LEGO-портретін жасаған оқушыларға лагерьге жолдама сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:53
Шымкентте сегіз жастағы қызға қырындаған ер адам айыппұлмен құтылды
Оқиға • Бүгін, 11:45
Қарасай ауданында жасырын есірткі зертханасы жойылды
Заң • Бүгін, 11:37
Дүкен сөрелерінде отандық өнім үлесі артты ма?
Экономика • Бүгін, 11:35
228 млн теңге шығын: Абай облысында пайдалы қазбаны заңсыз өндіргендер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:22
Эбола індеті өршіп барады: Конгода қауіпті вирус жұқтырғандар саны 782-ге жетті
Әлем • Бүгін, 11:10
Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді
Бокс • Бүгін, 10:45
Құмар ойын құрбаны: Атырауда «Махаббат рулеткасы» спектаклінің премьерасы өтті
Мәдениет • Бүгін, 10:33
Әлемдік туристік рейтингте Қазақстан нешінші орында?
Туризм • Бүгін, 10:10
Бүгін Испания Кабо-Верде құрамасымен кездеседі
Футбол • Бүгін, 10:07
АҚШ пен Иран келісімінен кейін мұнай арзандады
Әлем • Бүгін, 09:48
Рио-де-Жанейро аспанында екі тікұшақ соқтығысып, 6 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:33
Қазақстан триатлоншылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде екі алтын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 09:22
Әлем чемпионаты: Швеция Тунистен басым түсті
Спорт • Бүгін, 09:18