Саясат • Бүгін, 13:00

Трамп Иранға қарсы операция мерзімін атады

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операция қажет болған жағдайда төрт-бес аптаға созылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол New York Times басылымына берген сұхбатында айтты. Ақ үй басшысының сөзінше, АҚШ пен Израиль қазіргі шабуыл қарқынын осы мерзім бойы сақтай алады, деп жазады Egemen.kz.

Трамп Иранға қарсы операция мерзімін атады

© REUTERS / Evelyn Hockstein

«Біз төрт-бес аптаға жоспарлап отырмыз. Бұл біз үшін қиындық туғызбайды», деді Дональд Трамп АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әрекеттері қанша уақытқа жалғасуы мүмкін деген сұраққа жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол Daily Mail газетіне берген сұхбатында Иранға қарсы операция «төрт аптаға жетпей аяқталуы да мүмкін» екенін айтқан. Басылымның жазуынша, Ақ үй басшысы келіссөздерге жол әлі де ашық екенін жоққа шығармағанымен, «сөйлесу керек уақыт өткен аптада болғанын» атап өткен. Дегенмен Трамп Тегеран АҚШ-тың талаптарын «қанағаттандырса», соққыларды уақытша тоқтатуға мүмкіндік бар екенін де меңзеген.

АҚШ президенті бұдан бөлек бейнеүндеу жариялап, америкалық шабуылдардан кейін қаруын тастамаған ирандық күштік құрылымдар мен әскери бөлімдерді өлім күтіп тұрғанын ескертті.

«Мен тағы да Ислам революциясы сақшылар корпусын, Иран армиясы мен полициясын қаруларын тапсыруға шақырамын. Сонда толық иммунитетке ие болады, болмаса сөзсіз өлімге ұшырайды. Өлім нақты болады, әрі ол жағымды болмайды», деді Дональд Трамп.

Сондай-ақ ол Иран халқына үндеу жасап, қазіргі сәтті пайдалану қажет екенін айтты. АҚШ президенті бұл арқылы ел азаматтарына берген уәдесін орындағанын алға тартты.

«Қалғаны өздеріңізге байланысты. Біз көмектесу үшін сіздермен бірге боламыз», деді Трамп.

Айта кетейік, 28 ақпан, сенбі күні АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастаған. Тель-Авив билігі соққылардың негізгі мақсаты – Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу екенін мәлімдеді. Ал Дональд Трамп Иранның әскери флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жою ниетін жариялап, ел азаматтарын билікті құлатуға үндеді.

Жексенбіге қараған түні Иран билігі елдің рухани көсемі Әли Хаменейдің қаза тапқанын хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, АҚШ пен Израильдің соққылары салдарынан Аятолланың қызы, күйеу баласы, немересі мен келіні де мерт болған.

Иранда Али Хаменеидің орнына уақытша көшбасшы тағайындалды

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, зымыран соққылары тек әскери нысандарды ғана емес, Иран аумағындағы және өңірдің өзге елдеріндегі азаматтық инфрақұрылымды да қамтыған. Бұған жауап ретінде Тегеран Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыста орналасқан америкалық әскери базаларға шабуыл жасап жатыр.

Соңғы жаңалықтар