Ауа райы • Бүгін, 10:27

Қар, жаңбыр, жел: Елімізде ауа райы құбылмалы болады

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қар, жаңбыр, жел: Елімізде ауа райы құбылмалы болады

Синоптиктердің болжамынша, елдің көптеген өңірінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі. Солтүстік-шығыс пен орталық аймақтарда қалың қар жауса, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста кей уақыттары қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады. Солтүстік өңірлерде боран соғуы ықтимал.

Сонымен қатар елдің көп бөлігінде ауа температурасының көтерілуі болжанып отыр.

  • Батыс өңірлерде түнде ауа температурасы -15…-28 градустан -6…+2 градусқа дейін, күндіз -2…-13 градустан 0…+10 градусқа дейін көтеріледі.

  • Оңтүстік-батыста түнде -8…-16 градустан -6…+2 градусқа, күндіз -8…0 градустан +5…+13 градусқа дейін жылынады.

  • Солтүстік-батыста түнде -22…-33 градустан -2…-10 градусқа, күндіз -15…-20 градустан -2…+3 градусқа дейін көтеріледі.

  • Солтүстік аймақтарда түнде -15…-33 градустан -10…-23 градусқа, күндіз -15…-25 градустан 0…-7 градусқа дейін өзгереді.

Орталық өңірлерде түнгі температура алдымен -2…-15 градустан -15…-30 градусқа дейін төмендеп, кейін 12 наурызда -10…-21 градусқа дейін жоғарылайды. Күндіз де бастапқыда -2…-15 градустан -10…-20 градусқа дейін төмендеп, 12 наурызда 0…-10 градусқа дейін көтеріледі.

Шығыста түнде 0…-8 градустан -15…-30 градусқа дейін суытады, ал күндіз -2…+3 градустан -3…-18 градусқа дейін төмендейді.

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Оңтүстікте түнде +2…-21 градустан -7…-23 градусқа дейін, күндіз -13…+5 градустан 0…+5 градусқа дейін өзгереді.

Оңтүстік-шығыста түнде -11…+5 градустан -10…-28 градусқа дейін төмендеп, күндіз -6…+7 градустан 0…-15 градусқа дейін суытады.

Бұған дейін синоптиктер елімізге қайтадан аяз оралатынын ескерткен болатын.

Соңғы жаңалықтар

Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55