Фото: Ашық дереккөз
Синоптиктер мен жол қызметтерінің мәліметінше, қолайсыз ауа райы келесі аймақтарды қамтиды:
- Ақмола облысы;
- Абай облысы;
- Шығыс Қазақстан облысы;
- Қарағанды облысы;
- Павлодар облысы.
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге барынша сақ болуды, жылдамдық режимін қатаң сақтап, көлік арасындағы қауіпсіз қашықтықты ұстануды ескертеді. Жолдағы көріну деңгейі төмендеуі мүмкін.
Егер жол үстінде төтенше жағдай орын алса немесе қосымша ақпарат қажет болса 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады. Операторлар тәулік бойы қызмет көрсетеді.