Таным • Бүгін, 08:20

Несие сот орындаушыға өтсе, не істеу керек?

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Заңгер Рауан Есбергеннің жауабы:

Несие сот орындаушыға өтсе, не істеу керек?

– Төленбеген несие коллек­торлық компанияға немесе сот орындаушысына өткенде адамдар не істерін білмей, алаңдап жатады. Ең алдымен бір нәрсені түсіну керек, несие коллектор­ға немесе сот орындаушысына өткенмен, борышкердің не­гіз­гі міндеттемесі сол күйінде қалады. Сондықтан үрейлену­дің қажеті жоқ. Егер қарыз коллекторлық компанияға өтсе, олар сізбен байланысқа шы­ғып, қарызды қайтару мәселесін талқылайды. Мұндай жағдай­да көбіне қарыз­ды бөліп төлеу немесе төлем кестесін қайта жа­сау сияқты ұсыныс болуы мүм­кін. Яғни кол­лекторлармен келісіп, бел­гілі бір графикпен қарызды жабуға мүмкіндік бар. Егер екі тарап келісімге келсе, мәселе сол жерде шешілуі мүмкін.

Ал егер коллекторлармен ке­лісімге келу мүмкін болмаса, онда олар сотқа жүгінуі ық­тимал. Бұл да заң аясындағы қалыпты үдеріс. Сот қарызды өндіру туралы шешім шығарса, іс әрі қарай сот орындаушыларына беріледі.

Сот орындаушысы іске кі­ріскен кезде арнайы атқару­шылық іс жүргізу ашылады. Осыдан кейін сот орындау­шы­сы­ның белгілі бір өкілеттіктері бар. Мысалы, ол борышкердің банктегі шотын тексеріп, қажет болған жағдайда оны бұғаттай алады. Яғни шоттағы қаражаттан қарызды өндіру үдерісі басталады.

Сот орын­даушысы борыш­кердің мүлкіне де шектеу қоюға құқы­лы. Кей жағ­дайда қарыз сомасына байланысты азаматтың шетелге шығуына уақытша тыйым салу шарасы да қолданылуы мүмкін.

Бірақ бұл жерде тағы бір маңызды нәрсені түсіну керек. Егер адамның атына тіркелген мүлкі, банкте ақшасы болмаса, онда сот орындаушысы өндіріп алатын нақты ресурс болмайды. Мұндай жағдайда іс жүргізу тоқтап қалмайды, бірақ өндіріп алу мүмкіндігі шектеледі.

Заң тұрғысынан қара­сақ, сот орындаушысы қарызды өндіріп алу мақсатында барлық заңды шараны қолданады. Сайып келгенде ең дұрыс жол – мәселені сотқа жеткіз­­­бей, мүмкіндігінше келісім арқы­лы шешуге тырысу. Қарызды мойын­дап, нақты төлем кестесін жасап, біртіндеп өтеу көбіне ең тиімді шешім болады.

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07