Фото: Atyrau Today
Ол бүгінде түрлі жастағы ересектермен бірге білім алып жүр. Ақсақалдың айтуынша, кеңестік кезеңде қазақ тілін үйренуге мүмкіндік болмаған. Сол олқылықтың орнын қазір толтырып, күнделікті өмірде қазақша сөйлеуге ден қойған.
«Бұл – менің елiмнiң тiлi, оны білу – менің парызым», дейді К. Шәріпов.
Atyrau Today мәліметінше, «Speak Up Atyrau» жобасы демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Бастама өңір тұрғындарына мемлекеттік тілді меңгеруге мүмкіндік беріп, біртұтас тілдік орта қалыптастыруға ықпал етіп отыр.